1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы Абай аудандық шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы Абай аудандық шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы от 22.12.2006 г. № 63 (1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы Абай аудандық шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы)
1. Абай аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (Б.Нұржауов, өз келісімі бойынша) 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында тіркеу жылында 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізсін.
2. 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу үшін комиссия құрылсын (қосымша №1).
3. 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу комиссиясының жүмыс кестесі бекітілсін (қосымша №2).
4. Ауылдық округ әкімдері мен ауданның білім бөлімі (Қ.Дүрмекбай):
1) 1990 жылы туған азаматтардың тізімін уақытында тапсырсын;
2) келісілген кесте бойынша жастарды шақыру учаскесіне әкелуге арнайы автокөлік бөлсін;
3) жастарды шакыру учаскесіне жібергенде тиісті қүжаттардың болуын қадағаласын;
4) жастарды шақыру учаскесіне әкелуде оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімін басшы ретінде жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Абай аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Битенова Қ, өз келісімі бойынша):
1) «Казахстан Республикасының Қарулы Күштерінде Медициналық куәландыру туралы Ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы 04 наурыздағы №100
Бұйрығының талаптарына сәйкес қорғаныс бөлімінің медициналық комиссиясына білікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі- дәрмекпен толтырылсын;
2) аудандық орталық емхана мекемесінде шақырушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшін қажетті мөлшерде төсектер бөлсін.Қорғаныс бөлімінің жолдауы бойынша емдеу үшін шақырушылардан ақша алуына тыйым салсын. Статционарлық жағдайда шақырылушыларды емдеуге және зерттеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ұсынылған тізімдер бойынша жүргізілсін.
6. Ауданның білім бөлімі (Дүрмекбай. Қ), аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (Б.Нүржауов, өз келісімі бойынша) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу және білім дәрежесін, дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құрсын.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Өтепов О, өз келісімі бойынша) тіркеу кезінде қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімімен бірге тіркеуден
жалтарушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскесінде тэртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде өзара ынтымақтаса қимылдауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Абай аудандық қорғаныс
істері жөніндегі біріккен бөлім бастығы:
Б.К. Нұржауов
« 22 » 12 2006 жыл
Абай аудащ ікі істер бөлімінің
Бастығы:
О.М. Өтепов
« 22 » 12 2006 жыл
Абай аудандық орталық емхананың
бас дәрігері:
Қ.Қ. Битенова
« 22 » 12 2006 жыл
Абай аудандық орталық емхананың
бас дәрігері:
Қ.Қ. Битенова
« 22 » 12 2006 жыл
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«22» желтоқсандағы №63
қаулысының №1 қосымшасы
1990 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу комиссиясы
Аппарат басшысы :
М. Белібаев
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«22» желтоқсандығы №63
Қаулысының №1 қосымшасы
1990 жылы туған азаматтарды тіркеу комиссиясының жұмыс кестесі
Аппарат басшысы :
М. Белібаев