Қолданыстағы ред. 15.01.2007

1990 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2007 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы от 15.01.2007 г. № 5 (1990 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2007 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы)

0

1990 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2007 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жыл 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, 2007 жылдың қаңтар – наурыз айларында 1990 жылы туылған сондай – ақ жасы одан да үлкен, бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды әскери қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді қамтамасыз естін.

2

2. Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуден өткізу үшін комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың әскер қатарына шақыру учаскелеріне толық түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4

4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /Ж.Ғ.Шакуов/ шақыру учаскелерінде тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.

5

5. Казталов аумақтық медициналық бірлестігі /А.Н. Абдулов/ және Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігі /Е.Рабаев/ /келісім бойынша/

1

1) Тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөніндегі жан-жақты шаралар алсын;

2

2) Тіркеу кезінде сырқат екендігі анықталғандарға емдеу жұмыстары жүргізілсін.

6

6. Аудандық ішкі істер бөліміне /Н.Абатов/ тіркеу кезінде жергілікті учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі /Е.Р. Кабиров келісім бойынша/ аудандық білім бөлімі /С.М.Молдашев/ бірігіп шақыру учаскесіне тіркелушілер қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар анықтау және іріктеу жұмыстарын ұйымдастырсын.

8

8. Аудандық білім және спорт бөлімі жастардың бастапқы әскери даярлығы және спорттың әскери қолданбалы түрлеріне даярлауды қамтамасыз етсін.

9

9. Аудандық қаржы бөлімі /Т.Е. Каюпов/ 2007 жылғы бөлінген қаражат шегінде тіркеу құмыстарына қаржы бөлсін.

10

10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.

11

11. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Келісілді
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Кабиров Ерлан Рысқалиұлы
Келісілді
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары Ғаббасов Данияр Ғайниұлы
Келісілді
Казталов аумақтық медициналық бірлестігінің директоры абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы
Келісілді
Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігінің директоры Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы

14. Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуден өткізу үшін комиссия құрамы

Аудан әкімінің 2007 жылғы
15 қаңтардағы № 5 шешіміне қосымша
Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуден өткізу үшін комиссия құрамы
Кабиров Ерлан Рысқалиұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Каримуллин Асхан Кимұлы - комиссия төрағасы /резервте/ аудандық ҚІЖБ келісім – шарт бойынша әскери міндеттілерді жинақтау, әскерге шақыру бөлімше бастығы.
Өміралиев Қайыржан Мақсотұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының жетекші маманы
Нұрмақов Мұқтар Серікұлы - комиссия төрағасының орынбасары /резервте/ аудан әкімі аппаратының бас маманы.
Комиссия мүшелері:
Тасболатов Ерсайын Ізбасарұлы - дәрігерлік комиссия төрағасы, дәрігер - терапевт.
Нұралиева Роза Бақтығалиқызы - дәрігерлік комиссия төрайымы /резервте/
Ғабассов Данияр Ғайниұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары /резервте/.
Бердығалиева Венера Әдиетқызы - комиссия хатшысы, медбике.
Хисметова Талшын - комиссия хатшысы /резервте/, медбике.