О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2007 году Күшін жойған
Басқа 0
1990 жылы туған
азаматтарды Нұра аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесінде 2007 жылы тіркеуді
өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес және 1990 жылы туған азаматтарды Нұра аудандык қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді сапалы ұйымдасқан түрде өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған азаматтарының тіркеуі 2007 жылдың ақпан-наурыз айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес тіркеу комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу мәліметтерін есепке алу, емдеуге жіберілетін азаматтардың тізімін есепке алу кітабын дайындасын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медбикелермен, медициналық дәрі-дәрмек, құрал-жабдық және мүлікпен камтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық, флюрографиялық зерттеуден өтқізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) стационарда зерттеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;
Тармақша 2
2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындасын;
Тармақша 3
3) тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Нұра аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Канафин Асхат Нұрмұхамедұлы - келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруге және ұстауға өз кұзыреті шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлсін.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тоқуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласын.
Тармақ 8
8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 қантардағы «1989 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2006 жылы тіркеуді өткізу туралы» (Қарағанды облысы Әділет департаментіның Нұра ауданы әділет басқармасында 2006 жылдың 13 ақпанында тіркелінген, тіркеу № 8-14-16) № 02/04 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
26.12.2006 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
А.Н.Канафин
26.12.2006 жыл
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
26.12.2006 жыл
Басқа 18. Тіркеу комиссияның құрамы:
Қосымша
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
26.12. № 18/09 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Тіркеу комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы -комиссия төрағасы,
аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Даутов Олжас Маратұлы -комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының жетекші маманы
Тармақ 3
3. Протасенко Константин Викторович - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Тармақ 4
4. Гизатуллина Лилия Фанауиқызы - аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Рыспаева Ляззат Амантаевна - комиссия хатшысы, аудандық
медициналық бірлестігінің
жұмыскері (келісім бойынша)