О проведении приписки граждан Атырауской области 1990 года рождения к призывным участкам в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 және 44-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМІН :
Тармақ 1
1. Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі Департамент) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2007 жылғы қаңтар - наурыз айлары бойына, Атырау облысының 1990 жылы туған сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарын облыстың Атырау қаласы мен аудандарының шақыру участкелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру участкелеріне тіркеуден өткізген уақытта Атырау қаласы мен облыс аудандарында орындалатын жұмыстарға тексеру жүргізсін, жергілікті жерлерде анықталған кемшіліктерді жоюға жәрдемдессін және практикалық көмек көрсетсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру участкелеріне тіркеуді өткізу үшін ер азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) комиссия мүшелерін тіркеу кезінде қызметтік міндеттерін орындаудан босатсын;
Тармақша 3
3) Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма) және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдер) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Департаменттің, Біріктірілген басқарманың және қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдері бойынша шақыру учаскелері үшін орын-жай, мүкәммал мен жабдықтар, сондай-ақ медициналық және техникалық қызметкерлердің, көлік құралдарының қажетті мөлшерін бөлсін. Шақыру учаскелеріне Азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды, медициналық және техникалық қызметкерлердің еңбегіне, автокөлікке ақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 5
5) 1990 жылғы туған жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындыларын 2007 жылғы 5 сәуірге дейін Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының мәжілістерінде қарасын.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы қарулы Күштері қатарына алдын-ала белгілеу, сондай-ақ үміткерлерді әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін іріктеу жөнінде іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Атырау облысы Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде шақыру учаскелерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген тұлғаларды шұғыл іздестіруді және Біріктірілген басқарма мен қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерге жеткізуді, азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті:
Тармақша 1
1) Қала мен аудандардың медициналық комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тиісті дайындығы және әскери дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлермен жиынтықтауды бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) қажеттігіне қарай қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес, облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын аудандарға жіберсін;
Тармақша 3
3) тіркеу барысында анықталған сырқат жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлсін, сондай-ақ сырқат шақырушыларды есепке алу және емдеу олармен сауықтыру шараларын жүргізуі жөніндегі жасөспірімдер кабинеттерінің жұмыс жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 42 "Атырау облысының 1989 жылы туған азаматтарын 2006 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.