Қолданыстағы ред. 21.12.2006

Ауданның 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылдың қантар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы от 21.12.2006 г. № 813 (Ауданның 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылдың қантар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы)

0

Ауданның 1990 жылы туылған азаматтарын 2007 жылдың қантар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1990 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген әскерге шақыру жасындағы азаматтарды шақыру орнына тіркеу 2006 жылдың қантар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы 1-қосымшаға сай бекітілсін.

3

3. Қармақшы аудандық емханасына (Б.Нысанбаев, келісім бойынша) :

1

1) тіркеуді жүргізу комиссиясына азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін жоғарғы білікті маман-дәрігерлер мен аяжандарды 2-қосымшаға сай бөлу;

2

2) шақыру учаскесіне қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық мүлік- құрал жабдықтармен қаматамасыз ету ұсынылсын.

4

4. Кент және ауылдық округі әкімдері азаматтарды ұйымдасқан түрде ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазында көрсетілген уақытта әкеліп, шақыру учаскесінде тіркеуден өтулерін қамтамасыз етсін.

5

5. Аудандық білім бөлімі (Д.Нәзікбаев) тіркеуді жүргізу комиссиясына жұмыс орны сақтала отырып, техникалық және басқа да қызмет көрсету кызметшілерін 3-қосымшаға сай бөлсін.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Утегенов, келісімі бойынша):

1

1) тіркеуді жүргізу кезінде ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен тығыз байланыста болып, шақыру учаскесіндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

2

2) азаматтардың шақыру учаскесіне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас» тарту әрекеттерін болдырмау жөніндегі шаралар қабылдау ұсынылсын.

7

7. Ауданның шақыру учаскесіне келмеген азаматтарды іздестіру тобы 4-қосымшаға сай бекітілсін.

8

8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Ешеновке жүктелсін.

13. Комиссия мүшелері:

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«21» желтоқсан №813
қаулысына 1-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуден жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы:
Нұрғожин Даулет Ерғалиұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы , комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Ешекенов Ерсайын Дәріқұлұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары ;
Жүрімбаева Ләззат Қуанышбекқызы- аудандық емхана аяжаны , комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Жұбатқанов Қаныш Аманшаұлы
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Набиев Рустам Садродинұлы -аудандық емхананың жасөспірімдер дәрігері (келісімі брйынша).

14

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«21» желтоқсан №813
қаулысына 2-қосымша
Азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуге бөлінген дәрігерлер мен аяжандар тізімі (келісімдері бойынша):
Набиев Рустам Садродинұлы-аудандық емхананың ішкі мүше ауруларының дәрігері;
Есетов Сабит Шамшатұлы-дәрігер хирург;
Сүлейменова Күләмза Сүлейменқызы-дәрігер хирург;
Балмазанова Айткул Майданбайқызы-тері аурулары дәрігері;
Қанатова Роза Бөгенқызы -дәрігер психиатр;
Жұмабаев Руслан Қадырұлы-тіс дәрігері;
Байғабылов Әуесхан Тілеген ұлы -дәрігер фтизиатр;
Тарғанов Нұрлан Сұмағұлұлы-лор дәрігері;
Торақбаева Шамал Торақбайқызы-көз дәрігері;
Шегебаева Макебану Шәймерденқызы-аяжан;
Пірманова Света Мінажқызы-аяжан;
Құлмұратова Сарқыт Алмасқызы-аяжан;
Мұхамедиярова Кенжегул-аяжан.

15

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«21» желтоқсан №813
қаулысына 3-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізу кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі:
Аудандық білім ьөлімі-6 (алты) қызметкер

16

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«21» желтоқсан №813
қаулысына 4-қосымша
Аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге келмеген азаматтарды іздестіру тобы (келісімдері бойынша):

1

1. Аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары.

2

2. Кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының қызметкерлері.

3

3. Техникалық қызметкерлер.