Индер ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеудң өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Индер ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеудң өткізу туралы
1990 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды шақыру пункінде тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республиксының 2005 жылғы 8 шілдедедгі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының 16,17 және 44 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақыруларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың наурыз айында тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Поселкелік ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне ауданның барлық елді мекендерінде тұратын 1990 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктінде тіркелуін қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (келісім бойынша) тіркеуге шақырылғандардың денсаулығын дәрігерлік тексеріден өткізу, негізгі және қосалқы құрамда дәрігерлік комиссия құру, оны қажетті маман медбикелермен толықтыру (2-қосымша);
Тармақша 2
2) дәрігер мамандарды, медбикелерді негізгі жұмыс орнын сақтай отырып, комиссия жұмысына қатысу үшін босату;
Тармақша 3
3) дәрігер мамандарды қажетті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында емделуге жіберілген азаматтардың аудандық ауруханада дер кезінде емделіп, сауықтырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тіркеуге жататын азаматтарды уақытында сапалы флюорографиялық тексеру, жалпы анализдерін, қан құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін тіркеу уақытында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу (2007 жылдың наурыз айында) тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі – істер бөліміне (келісім бойынша) тіркеуді өткізу уақытында шақыру пунктіне келмеген азаматтарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық білім беру бөліміне тіркеуге шақыру уақытында шақырылғандармен әскери-патриоттық шаралар, насихат жұмыстарын жүргізу және тіркеуден толық өтуін қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (келісім бойынша) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкермен келісім шарт жасап, тіркеуге жататын азаматтарды селолық, ауылдық округтерден шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және тіркеудің өту қорытындысы жөнінде 2007 жылдың 5 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарлама дайындау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудан әкімінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 8 «Индер ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары д. Меңдігереевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік кун өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық емхана бас дәрігері
Доспаева Анар
07.03.2007 жыл
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Сұлтанғалиев Жамбыл
07.03.2007 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Хамзин Ізбасар
07.03.2007 жыл
Басқа 16
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«7» наурыз №16 шешіміне
1 қосымша
1990 жылы туылған ер азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді жүргізу үшін құрылған аудандық комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Сұлтанғалиев Жамбыл - Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы
Тармақ 2
2. Мұқышев Жұлдыз – аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, төрағаның орынбасары
Тармақ 3
3. Гильманова Роза – медбике, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Тармақ 4
4. Бимағамбетов Құаныш – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бабындағы орынбасары
Тармақ 5
5. Доспаева Анар – аудандық емхананың бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы
Басқа 22
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«7» наурыз №16 шешіміне
2 қосымша
Дәрігерлік комиссия құрамы:
№
Мамандығы
Негізгі
Қосалқы
1
Хирург
Ағзамов аманжол
Сапиева Қаршыға
2
Терапевт
Есқалиев Жанар
Таудаев Қайыржан
3
Кардиолог
Тұнғатарова айман
Ағзамов Аманжол
4
Отолоринголог
Доспаева Анар
5
Окулист
Құсайынова Анар
6
Неврапатолог
Ермекқалиева Айжан
7
Психиатр
Бакенова Ханбибі
8
Стаматолог
Жасақбаева Тамара
9
Фтизиатр
Кетебаев Сапарғали
10
Рентгенолог
Кетебаев Сапарғали
11
Дерматолог
Қаражанова Күлш
12
Медбике
Мұқаналиева Жаңылсын
13
Медбике
Қосымбаева Ақторғын
14
Медбике
Хайруллина Сәнжан
15
медбике
Иманғазиева Марал