О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывным участкам Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31- бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ІІІ Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 “мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы” қаулысына сәйкес қала әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізуге арналған комиссия мына құрамда құрылсын:
Нұралиев Раджаб
Тұрсынбайұлы - қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, төраға
Ұранхаев Еркін
Оразғалиұлы - мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бастығы, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Искакова Мүкмина
Зинатқызы - медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Майлыбаев Талғатбек
Смағұлұлы - ішкі істер басқармасының орынбасары (келісім бойынша)
Стикина Елена
Ильинична - мейірбике, хатшы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім дәрежесін және алған мамандығын, дене даярлығы деңгейін анықтау, шақырылғандарды алдын ала тағайындау, әскери- техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орнына түсуі үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Семей қаласы бойынша облыстық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің бастығы Т.Қ.Нұрмағамбетовке (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жас жігіттерді медициналық куәландыруды жүргізу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармаға бөлінген дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналдың негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау;
Тармақша 2
2) емдеу - алдын алу мекемелерінің стационарларында жас жігіттерді ҚІБ жолдамасы бойынша 10 тәулік ішінде қосымша тексеруді жүргізу үшін төсектер резервін жасау;
Тармақша 3
3) жас жігіттер тексерілуге және емделуге жіберілетін, емдеу мекемелерінің тізбесін ҚІБ тапсыру ұсынылсын. Әскери оқу орындарына кандидаттарды тереңдетіп медициналық куәландыруды ҚІБ № 025/У және 025/1/У есеп нысандарын және басқа медициналық құжаттарды ұсына отырып жүргізу;
Тармақша 4
4) тіркеу кезеңінде тістерін емдетуге мұқтаж жас жігіттердің ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тіркеу аяқталған соң 2007 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде қалалық ҚІБ алынған мәліметтер негізінде емдеуге және медициналық тексеруге мұқтаж жас жігіттерді № 1 және № 2 тізімдер (№ 054/У есеп нысаны) бойынша мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруға дейін емдеу мақсатында қаланың емдеу мекемедеріне бекітіп беру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Білім бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы К.Т.Жанбаев:
Тармақша 1
1) әскери - оқу орындарына кандидаттарды кәсіптік-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссиядан өту күніне дейін қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына кандидаттардың білімін (тест сынағымен) орта мектептің бағдарламасы көлемінде математика, физика, орыс тілі, Қазақстан тарихы бойынша, дене даярлығын тексеру жөніндегі комиссияны құрсын. Нәтижелерін 2007 жылғы 31 наурызға дейін ҚІБ ұсынсын.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
Тармақша 1
1) шақырылатындарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық әкім орынбасарларының немесе әскери-есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) шақырылатындарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алатын шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Білім мекемелерінің және меншік нысандарына қатыссыз өзге ұйымдардың басшылары (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 1990 жылы туған шақырылатындардың көрсетілген мерзімдерде ҚІБ келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылатындарды стационарлық емдеу және амбулаториялық талдауларды жүргізу үшін шақыру комиссиясының жұмысы кезінде жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 7
7. Ішкі істер басқармасының бастығы Б.Т.Дулатовқа (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік атқару үшін полиция қызметкерлерін бөлу;
Тармақша 2
2) 2007 жылғы қаңтар-наурызда ҚІБ хабарландыруы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі №265
және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 638 «Мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» біріккен бұйрығының талаптарына сәйкес әскери есепке алынудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Қаржы бөлімінің меңгерушісі Р.Қ.Кәкімова бекітілген қаржыландырудың 2007 жылға арналған жастарына сәйкес әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 9
9. Семей қалалақ қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Р.Т.Нүралиевке 2007 жылғы 11 сәуірге дейінгі мерзімде осы қаулының атқарылуы жөнінде баяндау ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Осы қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж.Мүсәпірбековке жүктелсін.