О проведении приписки граждан 1990 года рождения, проживающих в городе Степногорске, поселках Аксу, Бестобе, Заводской и Карабулакском сельском округе к призывному участку отдела по делам обороны города Степногорск Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қарабұлақ ауылдық округінде тұратын 1990 жылы туған азаматтарды Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармакшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес және 1990 жылда туған азаматтардың тіркелуін өткізу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру пункт Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй, Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мекен-жайы бойынша ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Тіркеу жөніндегі комиссия бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2007 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1990 жылы туған азаматтардың тіркелуі жүргізілсін. Тіркеу жөніндегі комиссияның барлық мүшелері комиссия жұмысының кезеңіне Казақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының 80 бабына сәйкес қызмет міндеттемелерінен босатылсын.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (майор Т.С. Қатышев) тіркеуге жататын азаматтарды шақырсын.
Тармақ 5
5. Қалалық емхананың бас дәрігері (Дүйсенов А.Қ.)
Тармақша 1
1) шақыруға дейінгілерді медициналық куәландырудан өткізу үшін тіркеу жөніндегі комиссияның қарамағына дәрігерлер - мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) тіркеу кезінде шақыруға дейінгілердің тіс емдеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аймақтық психиатрия ауруханасына шақыруға дейінгілерді медициналық куәландырудан өткізу үшін тіркеу жөніндегі комиссияның қарамағына психиатр - дәрігерді берсін.
Тармақ 7
7. Меншік түріне қарамастан қала мен кенттер кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының, оқу орындарының басшылары:
Тармақша 1
1) іссапарларда жүрген азаматтарды шақырып алсын және шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссиядан өту үшін қорғаныс істер жөніндегі бөліміне азаматтардың міндетті түрде шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тіркеуге жататын азаматтарды медициналық тексеру, сондай-ақ амбулаторлық анализдерді тапсыру үшін оқу мен жұмыстан босатсын;
Тармақ 8
8. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын барлық азаматтарға жеке шақыру қағаздарын тапсырып және олардың шақыру комиссиясына Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгіленген күндерде келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін алып барушылармен және қажетті көлікпен қамтамасыз етсін, апарған уақытта азаматтарды жол апаттарынан сақтандыру үшін барлық шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру пунктіне жіберер алдында, оларда шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттардың түгел болуын тексерсін;
Тармақша 4
4) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуден бас тартып жүрген азаматтарға іздеу салуына көмек көрсетсін.
Тармақ 9
9. Шақыру өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімі бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 10
10. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс кезеңіне шақыру учаскесін техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Т.О. Есентеміровке.
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 28 бабының 4 тармағына сәйкес қорғаныс істер жөніндегі бөліміне алдын ала анықтауға немесе алдын ала тергеуге тартылған азаматтар туралы мәлеметтерді жеті күн ішінде берсін;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша тіркеу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен бас тартып жүрген азаматтарға іздеу салсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Степногорск қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Р. Қадыровқа жүктелсін.
Басқа 25
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қазандағы № ә-19/618 қаулысына Қалалық шақыру комиссиясының құрамы Қатышев Төлеген Саттарұлы - комиссия төрағасы, Степногорск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Боцман Николай Яковлевич - комиссия төрағасының орынбасары, ТЖ жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Вернигора Наталья Ивановна - комиссия хатшысы, қалалық емхананың мейірбикесі Комиссия мүшелері: Есжанов Қанат Рахметоллаұлы - Степногорск қ. қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Пшенбаев Ақылбек Бекішұлы - хирургиялық қызметтің меңгерушісі, комиссияның аға дәрігері