1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» № 74-III Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы от 12.12.2006 г. № 333/12 (1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы)
1. 2007 жылдың қаңтар – наурызында 1990 жылы туған жасөспірімдерді Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды кестеге сәйкес жүргізсін.
2. Лебяжі ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын 1990 жылы туған барлық жасөспірімдерді, сондай-ақ бұрын тізімге алынбаған ересектер тізімге алынады.
3. Білім мекемелері, мекем және ұйым басшылары Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуға жататын жасөспірімдерді уақытылы әкелуді қамтамасыз етсін.
4. 1990 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алуды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
5. Аудандық аурухананың бас дәрігері:
1) әскерге шақырушыларды лабораториялық және рентгенологиялық тексеруден өтуін қамтамасыз етсін;
2) медициналық комиссиямен қосымша тексеруге жіберілген жасөспірімдерді емдеу мекемелер орындарында емдеудің ең қысқа мерзімінде емделуден өткізсін;
3) ауру болып анықталған әскерге шақырушыларды профилактикалық емдеу мекемелеріне бекітіп, келесі шақырылымға дейін олардың сауығуын қамтамасыз етсін;
4) ауылдық дәрігерлер амбулаториясындағы аға дәрігерлердің келуін қамтамасыз етсін және Лебяжі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне амбулаториялық кітапшаларын беруін қамтамасыз етсін.
6. Селолық округ әкімдері әскери шақырушылардың құлақтандырылуын және шақыру пунктіне уақытылы келуін және олардың аудандық тізімге алу комиссиясынан өтуін жеке бақылауына алсын, жасөспірімдермен ілестіруді селолық округ әкімі аппаратының мамандарына тапсырсын.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісімі бойынша) азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу кезеңінде шақыру пунктіне кезекшілік ұйымдастырсын және бір адам көлемінде наряд бөлсін.
8. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2007 жылғы қаңтар айынан наурыз айына дейін тізімге алу кезеңінде техникалық жұмыстар үшін жұмыссыздар қатарынан төрт адам бөлсін.
9. Аудан әкімі аппаратының басшысы алыс жерлерде тұратын 1990 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алу және медициналық комиссиядан өту үшін жеткізілуін ұйымдастырылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін