О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку Мендыкаринского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Меңдіқара ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16 17, 18-баптарын іске асыру мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы қаңтар-наурызда «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген одан жоғары жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша а
а) тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы (1- қосымша);
Тармақша б
б) тіркеу жөніндегі комиссияның резервтік құрамы (2- қосымша);
Тармақша в
в) тіркеуді өткізу кестесі (3- қосымша).
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшыларына тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандарды, сондай-ақ тіркелуге жататын азаматтардың тұрақты жұмыс орындары бойынша орташа жалақылары сақталатынын назарға алу ұсынылсын. Осындайда азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 4
4. «Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін атқарушыға (Д. К. Ахметов) «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен (Т. Қ. Өтегенов) бірлесіп тіркеу жөніндегі комиссияда жұмыс істеу үшін дәрігер - мамандарды, медициналық бибілерді және техникалық персоналдарды тарту тәртібін анықтау және тіркеу жөніндегі аудандық комиссиямен емдеу мекемесіне жіберген азаматтарды алғашқы кезекте тексеруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т. Қ. Өтегенов) шақырылғандарда хабардар ету және іздестіру топтарын құру, көзделген шығыстар шегінде оларды көлікпен және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т. Қ. Өтегенов) «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен (Л. Т. Садуақасова) бірлесіп әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нарядты оқу орындарына дейін жеткізу, бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары жөнінде анықтамалық материалдарымен қамтамасыз ету, олардың жұмысын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөнінде жұмыс басталғаны туралы хабарландырулар беру, тіркеу уақытында әскери оқу орнына түсуге әскери-кәсіби бағыт мақсатымен әрбір әскер жасына дейінгімен жеке әңгімелер жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (С. К. Көлбеков) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарған адамдарды іздестіру және әскерге шақыру учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, осы жұмысты сол адамдардың есебінен жүргізу;
Тармақша 2
2) тіркеуді жүргізу кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдык тәртіпті қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (С. П. Хабалкина) әскерге шақыру учаскесінде жасөспірімдерді тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөнінде іс-шараларды қаржыландыру көзделген қаражат шегінде аудан бюджетінің есебінен жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Боровской селосы және селолық округтер әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін жасөспірімдердің ұйымдасқан түрде «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 443 «Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын Меңдіқара ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы», тіркеу № 9-15-25, «Меңдіқара үні» аудандық газетте 2006 жылғы 2 ақпанда № 5 жарияланған, қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 18. Тіркеу жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына 1-қосымша
Тіркеу жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Өтегенов Талғат Қайырбекұлы - «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Швыдченко Светлана Васильевна - «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Бухарова Татьяна Викторовна - «МАОА» МКҚК медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Байзақов Жұмабек Тықышұлы - «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Жолданов Бейсенбай Тайғожаұлы - «МАОА» МКҚК дәрігер - хирургы, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша).
«МАОА» МКҚК - «Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Басқа 19. Тіркеу жөніндегі комиссияның РЕЗЕРВТІК ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына 2-қосымша
Тіркеу жөніндегі комиссияның РЕЗЕРВТІК ҚҰРАМЫ
Мажула Валерий Иванович «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Ерғалиев Ақан Төлеуұлы - «Меңдіқара ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Оберемкова Татьяна Яковлевна - «МАОА» МКҚК медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Жұмабаева Әсия Иванқызы - «МАОА» МКҚК дәрігер-психиатры, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Сүлейменов Жанәбіл Кеңесұлы - «Меңдіқара аудандык ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша).
«МАОА» МКҚК - «Меңдіқара аудандық мемлекеттік орталық ауруханасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Басқа 20
Әкімдіктің
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 373 қаулысына 3-қосымша
Р/с №
Селолық округтер атауы
Барлығы
Өту кестесі
Резервтік күн
16.01
17.01
18.01
19.01
23.01
7.02
1.
Алешин
3
3
2.
Боровской
40
16
24
3.
Буденный
7
7
4.
Борков
10
10
5.
Введен
16
16
6.
Каменскорал
6
6
7.
Краснопреснен
15
15
8.
Қарақоға
8
8
9.
Ломоносов
14
14
10.
Михайлов
22
22
11.
Первомай
30
30
12.
Соснов
12
12
13.
Теңіз
6
6
Барлығы
189
42
38
36
36
37