О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Аккайынского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққайың ауданның шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17, 18 бабтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ETETI:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында 2007 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1990 жылғы және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тipкeyi жургізілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін, тipкey комиссиясының жұмысы 2007 жылдың 9 қаңтарынан басталсын.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Аққайың аудандық орталық ауруханасында шақырушылардың стационарлык емделуі ушін 12 орын қарастырсын: соның ішінде терапия бөлімінде - 9; хирургия бөлімінде -3
Тармақ 4
4. Аққайың ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі:
Тармақша 1
1) шақыру пунктіне үй жай бөлісін және оның жылыту тәртібін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) шақырушылармен әскери-патриоттық тәрбие жөнінде жұмыс өткізу ушін шақыру учаскесінде үгіт пунктін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) 1990 жылғы және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтарды тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) полицияның учаскелік инспекторларының қатысуымен жасөспірімдердің шақыру пунктіне 100% қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жасөспірімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:
Тармақша 1
1) шақыру пунктінде заң тәртібін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Аққайың ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің ұсынуы бойынша әскери есепке тұрудан бас тартқан жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу мен іздестіруді жургізсін.
Тармақ 7
7. Аққайың аудандық қаржы бөлімінің бастығы тіркеу жөніндегі ic-шаралардың қаржыландыруын осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджет қаржысы есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуының бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Баяшевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он кун мерзімі өткеннен соң қолданыска енеді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М.Баймұқанов Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы П.В.Мартынюк Аудандық қаржы Бөлімінің бастығы Е.В.Гонтарь Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.З. Ыбыраев
Басқа 17. Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫ
Аққайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 262 қаулысына ҚОСЫМША Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫ Баймұқанов Мереке Бүркенұлы – Аққайың ауданының қорғаныс icтep жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Жұманов Едіге Тоғыбайұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары Байбатырова Айнаш Нұрланқызы - аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссияның хатшысы (келісім бойынша) Жұмажанов Ертай Теміржанұлы – аудындық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ташмағамбетова Қалымқас Елубайқызы - аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Комиссиясының резерв құрамы: Өмірзақ Берік Өмірзақұлы – Аққайың ауданының қорғаныс icтepі жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (кeлiciм бойынша) Норбаев Сұлтан Шаймұқанұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, төрағаның орынбасары Коркина Римма Хайдарқызы - Аққайың аудандық орталық ауруханасының аға медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Жұмағұлов Cepiк Жақыпұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауыпсіздік бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша) Куприянова Римма Ивановна - терапевт-дәрігер, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)