Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1990 жылғы азаматтарды тіркеуден өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәлиханов ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1990 жылғы азаматтарды тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы қаңтар -наурызында 1990 жылғы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу комиссиясының құрамы құрылсын: Мұсақұлов Ермұхаммад Оразбекұлы - тіркеу комиссиясының төрағасы, Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Валеева Күлбаян Әутәліпқызы - тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары, Уәлиханов ауданы әкімі орынбасарының көмекшісі комиссия мүшелері: Құсайынов Ерболат Зияффиденұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Иманов Төлеген Талғатұлы - аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ташкина Зәуреш Айтмағамбетқызы - шақыру комиссияның хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбикесі
Тармақ 3
3. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Иманов Т.Т.(келісім бойынша) келесі дәрігер-мамандарды медидиналық куәландыруды откізу үшін камтамасыз етсін: Әлиев Қайыргелді Мұстафаұлы - дәрігер-невропатолог Әутәліпов Қанат Ғабдоллаұлы - тіс дәрігері Дүйсекеева Шолпан Берекеліқызы - дәрігер терапевт Кинаятов Дәнияр Абайұлы - дәрігер - хирург Мәкенова Әлфия Найманқызы - дәрігер дерматовенеролог Мұхамеджаров Бораш Мұхамеджарұлы - дәрігер фтизиатр Ыбыраева Алма Ешімқызы - көз дәрігері
Тармақ 4
4. Тіркеу мерзімінде шақыру учаскесінде жұмысқа қатынасу үшін қажетті техникалық жұмыскерлер бөлінсін.
Тармақ 5
5. Селолық (ауылдық) округтердің әкімдері: 1990 жылы туған азаматтарды аныктап, шакыру учаскесіне толық қамту шараларын қолдасын.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Иманов Т.Т.-келісім бойынша) тіркеу кезеңінде:
Тармақша 1
1) кіші медициналық персонал бөлсін: лор-дәрігерге - медбике терапевт-дәрігерге - медбике антропометрия - медбике
Тармақша 2
2) Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің кестесі бойынша барлық тіркелгендерді рентгенографиядан өткізсін;
Тармақша 3
3) медициналық комиссияны медицина аспаптармен, медицина мұліктерімен тіркеу үшін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тіркеу комиссиясының дәрігерлер жолдамасымен тіркеушілерді стационарлық тексеруге аудандық ауруханада кажетті төсек-орын бөлсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Махатов Е.Ш.- келісім бойынша) комиссияның тіркеу жұмысы күндері іздестіру тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуына бір жауапты жұмыскер бөлсін.
Тармақ 8
8. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы (Көрпебаева К.Б) 2007 жылғы аудан бюджетінде аныкталған Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің сметасы бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы (Мұсақұлов Е.О.- келісім бойынша) Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінде 1990 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде әскери-патриоттық және мәдени-бұкаралық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Воронаға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді. Келісілді Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Иманов Т.Т Аудандық қаржы бөлімінің бастығы К.Көрпебаева Ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Махатов Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Е.Мұсақұлов