Приписке граждан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Глубоковского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 Заңының 18-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31- бап 1-тармақ 8) тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Т.М. Сарсенбинге.:
Тармақша 1
1) 2007 жылдың ақпан-наурыз айларында 1990 жылы туған азаматтарды Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде бұрын тіркеуден өтпегендерді тіркеу жүргізсін;
Тармақша 2
2) білім беру бөлімінің басшысына, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшымен бірге әскери-оқу мекемелеріне кандидаттарды іріктеуді, кандидаттардың пәндер бойынша білім деңгейін, кіру емтихандарына төзімділігін, физикалық дайындықтарын алдын ала тексерсін.
Тармақ 2
2. Жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне қызметке дайындау бойынша шаралар жоспары, 1990 жылы туылған азаматтардың мед. комииссияға және анализ тапсыру үшін, жеке ісін және кұжаттарын ресімдеуге келуінің ұсынылған кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) келісіп бекітілген кестелер бойынша 1990 жылы туылған азаматтардың мерзімді ұйымдастырылған және уақытында келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тіркеу барысында айқындалған науқас шақырылушылардың емделуін, жастарды шақыруға дайындау үшін бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Глубокое аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскери қызметке шақыру пунктіне тіркеу жасындағы адамдардың тіркеуден өтуіне мерзімді уақытында меншік түріне қарамастан шаруа хожалықтары басшыларының, мекеме, ұйым, кәсіпорын басшыларының, кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне көмектесулерін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.К.Имамбаевқа:
Тармақша 3
3) тіркеу уақтында әскерге шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуді, сондай-ақ әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізу үшін қорғаныс іетері жөніндегі бөлімге, кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) келісілген кесте бойынша учаскелік полиция инспекторының 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуден өткізуге жеткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Глубокое аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М.С.Ластаевқа:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылдың 16 наурызындағы №117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылдың 4 наурызындағы №100 "Қазақстан Республикасының әскери құрылымдары, және басқа да Қарулы Күштер әскерлерін әскери -дәрігерлік сараптау ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес, медициналық комиссияны білікті маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың тексеруден өтуі және емделуі үшін Глубокое аудандық орталық ауруханаға қажетті мөлшерде койко-орын бөлінсін. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім жолдамасымен емделуге келген шақырылушыдан ақы алу жойылсын. Шақырылушылардың стационарлық жағдайда емделуіне кеткен шығын өтем ақысы мем.тапсырыс реестрі ұсынған бойынша жүргізілсін;
Тармақша 3
3) қосып жазу құрамының электрокордиограмма және қажетті анализдерді тапсыруын, флюорограмма тексерілуін қамтамасыз етсін. Глубокое аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру пунктінде тіркеу құрамының электрокордиологиялық тексеруден өтуін, флюорографиялық тексеруден өтетін күні өткізілсін. Деректі тексеру үшін кажетті мөлшерде мед.қызметкерлерді бөлінсін.
Тармақша 4
4) Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінде келісілген кесте бойынша медициналық комиссия өткізілсін. Шақыру пунктіне шақырылушылар жеткізілмеген жағдайда (сәтсіз ауа-райы, көліктің болмауы) резерв күндері қарастырылсын.
Тармақ 7
7. "Глубокое білім беру бөлімі" ММ басшысы М.Ж. Асамбаевқа:
Тармақша 1
1) 1990 жылы туылғанқымайтын жасөспірімдер туралы ақпаратты корғаныс істер жөніндегі бөлімге ұсынсын.
Тармақша 2
2) жалпы білім беру және кәсіби мектептерде оқитын жасөспірімдерді алып бару үшін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімдер бөлінсін.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қызметіне жасөспірімдерді дайындауда, жалпы білім беру және кәсіби мектептерге тәжірибелік көмек көрсетілсін. Қысқы оқу барысында шақырылушылардың әрқайсысының дене дайынындығынан тесттен өтуіне қол жеткізсін.
Тармақша 4
4) тіркеу барысында ауданның оқу мекемелерінде патриоттық және тәрбиелік шараларды жүргізілсін.
Тармақ 8
8. Қаржы бөлімінің басшысы К.С. Кәрібаевқа 2007 ж. арналған аудандық бюджете белгіленген мөлшерде уақытында қаржыландырылсын.
Тармақ 9
9. 1990 жылы туылған азаматтардың шақырылуын өткізу үшін келесі кұрамда комиссия тағайындалсын: Сарсенбин Талғат Маратович - қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы; Пекур Мария Яковлевна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Исанов Марклен Жанғазинович - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Пахотина Светлана Ивановна- жасөспірімдер терапеві (келісім бойынша); Калякина Светлана Николаевна - дәрігерге дейінгі қабылдау фельдшері, комиссия хатшысы (келісім бойынша). Аудандық маслихат сессиясына комиссия құрамын бекітуге ұсыныс жасасын.
Тармақ 10
10. Глубокое аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпанындағы №1570 "Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1989 жылы туылған азаматтарды тіркеу туралы" (тіркелген №5-9-29 2006 жылдың 6 наурызы, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2006жылғы 24 наурыздағы № 12 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Глубокое аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді. Келісілген: Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Т. Сарсенбин Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары С. Имамбаев Глубокое аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М. Ластаев
Басқа 27. Жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайындау жөніндегі шаралардың
Глубокое аудандық әкімдігінін 2006 жылғы " 07 " желтоқсан № 2068 қаулысымен бекітілген Жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайындау жөніндегі шаралардың ЖОСПАРЫ ГЛУБОКОЕ АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ БАСТЫҒЫ ПОДПОЛКОВНИК Т. САРСЕНБИН
Басқа 28. 1990 ж. туған, азаматтардың анализдерін, құжаттарын өткізуге және іс қағаздардын дайындауға келу
Бекітілген: Глубокое аудандық әкімдіктің қаулысымен № 2068 " 07 " желтоқсан 2006 ж. 1990 ж. туған, азаматтардың анализдерін, құжаттарын өткізуге және іс қағаздардын дайындауға келу КЕСТЕСІ Глубокое ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Т. Сарсенбин
Басқа 29. 1990ж. туған, азаматтардың медициналық комиссияға келу
Бекітілген: Глубокое аудандық әкімдіктің қаулысымен № 2068 " 07 " желтоқсан 2006 ж. 1990ж. туған, азаматтардың медициналық комиссияға келу КЕСТЕСІ Глубокое ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Т. Сарсенбин