О проведении приписки граждан 1990 года рождения по Актогайскому району к призывным участкам объединенного отдела по делам обороны города Балхаша Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акгоғай ауданы бойынша 1990 жылғы туылған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге щақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» Зандарына сәйкес 1990 жылы туылған азаматтарды Ақгоғай ауданы бойынша Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне 2007 жылдың қаңтар- наурыз айларында тіркеуге алу үшін Ақтоғай ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туылған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаішс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін ұсынылған қосымшада көрсетілгендей қурамда аудандық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туылған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне тіркеуге алу мерзіміне «Әскери міндеттілік жэне әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының (әрі қарай - Заң) Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес төмендегі іс шаралар іске асырылып камтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) Аудандық білім бөлімі, аудан селолық және поселкелік округтерінің әкімдері тіркеуге алынатын азаматтарды дәрігерлік куәландыру жэне оларды мекен жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру комиссиясына дейін және кері қарай жүріп-тұру жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Әскерге шақыру учаскесі үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда оларды жөндеу) коммуналдық - тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумей қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б.) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс қүралдары және кезекші автокөлікпен;
Тармақша 3
3) Балқаш қаласының қалалық мамандандырылған №1 поликлиникасы (Ж.Бекдайыров - келісім бойынша), Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Р.Жарлығасынов - келісім бойынша) қалалық және аудандық әскерге шақыру учаскелерін, маман дәрігерлермен, орта медбибілермен және техникалық қызметкерлердің қүрамымен жасақтасын;
Тармақша 4
4) Ауданның жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.БЛубакиров) 1990 жылы туылған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мерзіміне, яғни 2007 жылдың 3 қаңтарынан 31 наурызына дейін тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорганыс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне 3 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.
Тармақ 3
3. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А.Зейнелғабдин) Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес 1990 жылы туылған азаматтарды эскерге шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды 2007 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырылсын.
Тармақ 4
4. Ауданның ішкі істер бөлімі (Қ.Е.Жанпейсов - келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3 тармағына сәйкес тіркеуге алынудан жалтаратын азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына және меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа да ұйым, қоғам басшыларына Заңның 17 бабына сәйкес 1990 жылғы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге тіркеуге алудың маңыздылығы ескертілсін.
Тармақ 6
6. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А.Бекмағамбетов - келісім бойынша) 1990 жылы туылған азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеудің қортындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2007 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М.Әбеуоваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы: Б.А.Бекмағамбетов 12 желтоқсан 2006 жыл. Балқаш қаласының мамандырылған №1 поликлиникасының бас дәрігері: Ж.Бекдайыров 12 желтоқсан 2006 жыл. Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігінің директоры: Р.Жарлығасынов 12 желтоқсан 2006 жыл. Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: Қ.Е.Жанпейсов 12 желтоқсан 2006 жыл.
Басқа 13. Ақтоғай ауданы бойынша 1990 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуге алу хуралы аудандық комиссия құрамы:
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсанындағы №21/04 қаулысымен бекітілген қосымша Ақтоғай ауданы бойынша 1990 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуге алу хуралы аудандық комиссия құрамы: Бекмағамбетов Болат Абдикешович комиссия төрағасы, Балқаш қаласыньщ қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы; Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы комиссия төрағасының орынбасары, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары; Қаппаров Ораз Амантайұлы Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары; Голайенко Валентина Викторовна Балқаш қаласының қалалық мамандандырылған №1 поликлиникасының терапевт дәргері, дәрігерлік комиссия төрайымы; Абдигулов Марат Ашембекович - Ақтоғай аудандық медицина берлестігінің оташы дәрігері, Ақтоғай ауданы бойынша дәрігерлік комиссия төрағасы; Дуйшеева Жазгуль - комиссия хатшысы.