О проведении приписки к призывному участку граждан 1990 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку Қолданыста
Басқа 0
1990 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
«Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74, Қазақстан Республикасы Заңының 17,18 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларға әскери есеп жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған, 2007 жылдың қаңтары-наурызындағы 17 жасқа толатын азаматтарының және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы жасөспірімдердің әскерге шақырту учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 2007 жылдың 3 қаңтарынан 1 сәуір кезеңде аудан жасөспірімдерінен әскери-оқу орындарына талапкерлерді үлестіруді жүргізу.
Тармақ 3
3. Жасөспірімдердің әскерге шақырту учаскесінде тіркеуін жүргізу үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
комиссия төрағасы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары - аудан әкімінің орынбасары;
комиссия мүшелері:
аудандык ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
медициналық комиссияның төрағасы - аудандық орталық ауруханасының терапевт-дәрігері (келісім бойынша);
комиссия хатшысы.
Тармақ 4
4. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскерге шақыру пунктіне бөлме бөліп және оның қажетті жылу болуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Коробкова М.Г. медициналық комиссияны дәрежелі дәрігер мамандармен, медициналық персоналмен ұйымдастырсын.
Әскерге шақырушылардан тексеру кезінде табылған ауруларды емдеуге станционарлык зерттеуде жататын орынмен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қаржы бөлімінің бастығы А.П. Яковенко әскерге шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстарды қаржыландыру шығыстар сметасына сәйкес жүргізсін.
Тармақ 7
7. Ішкі істер бөлімінің бастығы Т.М. Тұғынбаевка Мамлют аудандық қорғаныс бөлімінің шақыруы бойынша әскери міндеттен бас тартқандар тұлғаларды ұстауды және іздестіру, тіркеу орнында қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция қызметкерімен қамтамсыз етсін.
Тармақ 8
8. Селолық округ әкімдері және Мамлютка қаласының әкімі әскерге шақырылуға дейінгі тіркенушілерді, соған жауаптыларды аудандық қорғаныс істері бөліміне жеткізуді және қайтадан тұратын орнына жеткізуді қаматамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушысы Л.Н.Ильюшицке осы мақсаттарға бөлінген қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінде әскерге шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
Тіркеуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 3 бірлік санымен техникалық жұмысшыларды (іс жүргізушілерді), әскерге шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеу жөнінде комиссия отыратын әскерге шакырту пунктің жинаушыны жұмысқа қабылдансын.
Тармақ 10
10. Әскери есепке тіркеуге және әскери міндеттен бас тартқан тұлғаларды ұстауды және іздестіруге қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызмет жеңіл автокөлігі қолданылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.С.Бүйрекбаевке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы 2007 жылдың каңтарынан бастап іске кіреді.
Келісілді:
Аудандық орталық ауруханасының
бас дәрігері
М.Коробкова
14.12.2006 ж.
Мамлют ауданының корғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
С.Сүлейменов
14.12.2006 ж.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастыгы
М.Тұғынбаев
14.12.2006 ж.