О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Денисовского района Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 1 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын, яғни тіркеу жүргізу кезеңіне қарағанда 17 жасқа толған, 2007 жылдың қаңтар мен наурызға дейінгі кезеңде Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне (бұдан былай - қорғаныс істері жөніндегі бөлім) тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссиясының дербес құрамы құрылсын және бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Селолар мен селолық округтерінің әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскеге тіркелуден өтуі үшін Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Денисов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ф. Рахметова, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, бюджетте қарастырылған қаражат есебінен қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 5
5. Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандардың жұмыс орындары мен атқаратын лауазымдары сақталатының естерінде ұстасын. Азаматтар әскер : жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді I орындауға қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Денисов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.К. Медетов (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүргендерді іздестіру және тіркеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.В. Шумаков (келісім бойынша) «Денисов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ф. Ждамировамен бірге әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери даярлау жөніндегі оқытушыларын әскери-оқу мекемелері туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы хабарландыру берсін. Әскери-оқу орындарына түсуіне кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгі жастармен жеке әңгімелер жүргізсін.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын, Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізудің кестесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Қаулыны орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпарат 2007 жылғы 1 сәуірге дейін Денисов ауданының әкіміңе берілсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған сәттен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Қазақстан Республикасының азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссиясының дербес құрамы
Әкімдіктің
2006 жылғы 27 қарашадағы № 404
«Қазақстан Республикасының 1990
жылы туған азаматтарын Денисов
ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді
жүргізу туралы» қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссиясының дербес құрамы
Шумаков Александр Викторович - «Денисов ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы (келісім
бойынша)
Мұратбеков Мұрат Тілемісұлы - Денисов ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары
Манасов Ержан Болашақұлы - «Денисов ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің шақыру және контракт
бойынша әскери қызметкерлерді әскерге
алу бөлімінің бастығы
Мұрзабаев Алпамыс Елтайұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер,
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер Департаменті Денисов аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Ткач Валерий Павлович - «Денисов орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның дәрігер-
окулист, медициналық комиссияның
төрағасы
Браун Елена Васильевна - «Денисов орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның наркологиялық
кабинетінің фельдшері, комиссия
хатшысы
Басқа 13. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізудің КЕСТЕСІ
Әкімдіктің
2006 жылғы 27 қарашадағы № 404
«Қазақстан Республикасының 1990
жылы туған азаматтарын Денисов
ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді
жүргізу туралы» қаулысына 2 қосымша
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізудің КЕСТЕСІ
№ р/б
Селолық округтер
2007 жыл 29 қаңтар
2007 жыл 30 қаңтар
2007 жыл 31 ақпан
2007 жыл 1 ақпан
2007 жыл 2 ақпан
Барлығы
1
Әйет
12
2
Аршалы
7
3
Архангельск
10
4
Денисовка селосы
44
5
Заәйет
9
6
Қырым
4
7
Комаров
6
8
Красноармейск
14
9
Некрасов
15
10
Покров
10
11
Приречен
11
12
Перелески селосы
13
Свердлов
7
14
Тельман
14
15
Тобыл
10
жиыны
42
41
47
44
15