О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Уланского района Қолданыста
Басқа 0
Ұлан ауданының әскерге шақыру учаскесінде 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III « Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасы негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған азаматтарды Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдасқан түрде, уақытында өткізу мақсатында, ауылдық округтер және кенттер әкімдеріне, ұйымдар мен оқу орындарының бастықтарына:
Тармақша 1
1)2007 жылдың 10 қантарына дейін 1990 жылы туған азаматтардың және жаңадан келгендердің тізімін анықтап, Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген үлгіде жазбаша хабарласын;
Тармақша 2
2) тіркелетіндерге қажетті және шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарды уақытында беруді және жинақтауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жасөспірімдердің флюрографиалық зерттеуге, анализ тапсыруға, тіркеу комиссиясына қажетті құжаттармен шақыру қағазында көрсетілген мерзімде келуі қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) жасөспірімдерді алып баруға ауылдық округтер мен кенттерден оқу орындарынан өкілдер тағайындалсын (әскери тіркеу үстелінің маман- инспекторы, бастапқы әскери дайындау оқытушылары).
Тармақ 3
3. «Ұлан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Б.Тусубжанова) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізуді каржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ұлан аудандық ауруханасына (Т.С. Сагатов., келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және флюрографиялық тексеруден өткізуін камтамасыз ету, берілген нақты қаулының кестесіне сай шакырылатындарды стационарлық зерттеу үшін емханаларда қажетті төсек орнымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Д.А.Калетаев келісім бойынша) тіркеуге турудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық білім бөлімі (Н.А.Абдуллина) әскерге шақыру жасына дейінгі және шақыру жасындағы ұлдардың интернационалист- жауынгерлермен, әскери училище курсанттарымен «Отанды қорғау- мамандықтың бір түрі» тақырыбына кездесулерін өткізсін.
Тармақ 7
7. 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу бойынша және әскери оқу орындарына, Республикалық әскери мектеп интернаттарын, «Жас Ұлан» ерлер лицейіне, кадет корпусына үміткерлерді сапалы түрде іріктеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссияның дербес құрамы келесі құрамда бекітілсін:
Бекежан Кайсанович Саниязов
комиссия төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, (келісім бойынша);
Назигуль Усеровна Сейсембина
Комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Мейрамхан Алимханович Чистобаев
Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, (келісім бойынша);
Людмила Михайловна Перкина
- дәрігер, медицина қызметкерлері құрамын басқарушы, медицина комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Гульнар Нурпеисова
Солодовникова
- комиссия хатшысы (келісім
бойынша).
Тармақ 8
8. Осы каулының орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Н.Сейсембинаға жүктелсін.
Келісілген:
Ұлан аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлім бастығы
Б. Саниязов
« 11 » желтоқсан 2006 ж
Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
Д.Калетаев
« 11 » желтоқсан 2006 ж
Ұлан аудандық ауруханасыньң
бас дәрігерінің міндетін атқарушы
С.Таинов
« 11 » желтоқсан 2006 ж