О проведении приписки к призывному участку граждан 1990 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақ 8) тармақшасына, 2005 жылгы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17,18, баптарына сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды әскери есебіне қою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудан қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы Константинов Александр Николаевичке (келісу бойынша) 1990 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толған және бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы, Тимирязев ауданы аумағында тұрушы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2007 жылдың қаңтар - наурызда өткізілуі ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Селолық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігімен белгіленген мерзімге шақыру учаскеге тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімдері аудан қорғаныс істері жөніндегі бөлімге берілсін;
Тармақша 2
2) тіркеу өткізу үшін шақыру учаскеге азаматтардың дер кезінде келуі туралы оларды хабарлауы қамсыздандырылсын.
Тармақ 3
3. 2007 жылдың қаңтар - наурызда азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу өткізілу кезеңге тіркеу откізу жөнінде аудандық комиссия мыналар құрамында құрылсын: Константинов Александр Николаевич, аудан қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы - комиссия төрагасы (келісу бойынша); Шаяхметова Алма Ахметбекқызы, аудан ішкі саясат бөлімінің бастығы - комиссия төрағасының орынбасары; комиссия мүшелері: Закарьянова Ляйля Лухманқызы, емдеу жұмысы бойынша орталық аудан ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары - медициналық комиссияның төрайымы (келісу бойынша); Аманжолов Жанат Қашенүлы, тәрбиелеу және кадрлар жұмысы бойынша аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісу бойынша); Калькенова Сара Шабданқызы, орталық- аудан аурухананың психиатриқалық кабинетінің мейірбикесі - комиссия хатшысы (келісу бойынша). Егерде комиссия мүшелерінен жайлы себептер бойынша болмағанды комиссия құрамына мыналарды енгізуге рұқсат етілсін: Мүратбеков Рамазан Рашитұлын - аудан қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығының орынбасары (келісу бойынша); Мустафина Айман Қожатайқызын - орталық аудан ауруханасы жасөспірімдердің дәрігері (келісу бойынша).
Тармақ 4
4. Атқару органдардың және басқа да (келісу бойынша) мемлекеттік ұйымдардың басшылары әскерге дейінгілерді әскери есепке қоюымен байланысты міндеттерді орындау үшін тіркеу комиссияның мүшелерін олардың жұмыс орындарын, лауазым орындарын сақтап, жалақыларын төлеп қажетті уақытта негізгі жұмыстарынан босатсын.
Тармақ 5
5. Селолық округтердің әкімідері әскери есеп жүргізуге жауапты тұлғалар басшылығы және бастапқы әскери дайындау оқытушылары - ұйымдастырушыларымен тіркеуге әскер жасындағы жасөспірімдерді шақыру учаскеге бекітілген мерзімде жеткізуді және тұрақ орынына дейін кайта алып келуге көлік болуын қамсыздандырсын.
Тармақ 6
6. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Есдаулетов Төлеген Төлеуұлына (келісу бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығының мәлімдемесі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды дәрігерлік куәландыру үшін дәрігерлер - мамандарды ерекшелесін;
Тармақша 2
2) дәрігерлік комиссияны қажетті медициналық – санитарлық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамсыздандырсын;
Тармақша 3
3) қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығының мәлімдемесі бойынша әскерге шақыруға дейінгілерді дәрігерлік куәландыру жұмысқа орта дәрігерлік қызметшілердің қажетті саны ерекшелегісін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы Сұлтанов Қайрат Қаирбекұлына (келісу бойынша) әскери міндет орындалуынан жалтарып отырған тұлғаларды іздеу және ұстап алу жұмысты ұйымдастыруы ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме күші бар заңға сәйкес еңбекақы төлеуімен тіркеу уақытына бес адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбекті келісім-шарттары мен әскерге шақыруға дейінгілерді тіркеу өткізу орынға және кайта алып келуге тасу автокөліктерін жалға алу келісім-шарттарын бекітсін.
Тармақ 9
9. Ауданның қаражы бөлімі тіркеу жөніндегі шараларға нысаналы көзделген қаражатты жергілікті бюджеттен бөліп беруді қамсыздандырсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В.Ганжаға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім бірінші ресми жариялау күннен бастап заңды күшке кіреді. «Келісілген» Тимирязев орталық аудан аурухананың Бас дәрігері Есдаулетов Т.Т. 20 желтоқсан 2006 жыл Тимирязев ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлім бастығы Константинов А.Н 20 желтоқсан 2006 жыл Тимирязев аудандық ішкі істері бөлімінің Бастығы Сұлтанов К.К. 20 желтоқсан 2006 жыл