О приписке к призывному участку граждан 1990 года рождения и старших призывных возрастов, не прошедших ранее приписку к призывному участку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған және шақырылуы жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы «Әскери мңндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу, әскери техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында 2007 жылғы қаңтар-ақпан айларында 1990 жылы туған және шақыру жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Тіркеу өткізу үшін төмендегі құрамда аудандық комиссия құрылсын: Сейітқасымов Ербол Асылбайұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия терағасы (келісім бойынша) Мүженбаев Орал Заеденүлы - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрагасының орынбасары Комиссия мүшелері: Барабаш Александр Иванович - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Жұмабаев Ерлан Думанұлы - Есіл ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Цыганова Ольга Николаевна - медициналық бике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Селолық округтер әкімдері: тіркеу басталғанға дейін барлық жерде 1990 жылы туған және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтардын тізімдері анықталсын, тіркелетін азаматтардың қажетті құжаттары әзірленіп, қорғаныс істер жөніндегі бөлімге ұсынылсын; жинақтау пунктіне тіркелуші тұлғалардың белгіленген уакытта ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Барабаш Александр Ивановичке ұсынылсын (келісім бойынша): тіркеу кезінде медициналық комиссияның жұмысы қамтамасыз етілсін; тіркеу барысында ауру деп танылған шақырушыларды емдеуді және кезексіз медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Темешев Абжат Смайылұлы) шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын, азаматтардың шақыру учаскесіне келуін, тіркеуден бас тартқан азаматтарға шара колданылуын камтамасыз етсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жүсіпов Өтеген Рахымғазыұлына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Тіркеу қорытындысы туралы ақпарат аудан әкіміне 2007 жылғы 10 сәуір ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Барабаш Александр Иванович 14 декабря 2006 г. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Сейітқасымов Ербол Асылбайұлы 14 декабря 2006 г. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Темешев Абжат Смайылұлы 14 декабря 2006 г.