О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туылған азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде, 1990 жылы туылған азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылар учасксәсіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын, тіркеу жөніндегі персоналдық комиссия мүшелері келесі кұрамда бекітілсін; Мусин Шайдолла Сапарұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; Бигожин Арман Сырымбетұлы- «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Журавлев Юрий Григорьевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары; Авраменко Виталий Владимирович - «Қазакстан Республикасы денсаулық сақтау Министірлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық аурахана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссияның төрагасы; Бейкель Светлана Николаевна - комиссия хатшысы. Тіркеу комиссиясының мүшелері сырқаттанып немесе басқа да себептермен келмей қалған жағдайда келесі көмекшілер бекітілсін: Асқаров Мұрат Манапұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, комиссия төрағасы; Горбченко Евгений Витальевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің (азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар) бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Ақтаев Ибрагим Салықұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары; Мушта Александр Николаевич - «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандык аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорынның бас дәрігері, дәрігерлік кошіссияның төрағасы; Сергеева Любовь Андреевна - комиссия хатшысы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16, 17, 18 баптарына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге шақыру 2007 жылдың 15 қаңтарынан 31 наурыз айы аралығында жүргізілсін.
Тармақ 3
3. «Ғабит Мүсірепов атындагы ауданның Қорганыс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ш. С. Мусин) 2007 жылдын 15 кантар айынан бастап тіркеуге жататын азаматтарды шакыру жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы денсаулық сактау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (А.Н. Мушта) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 17, 18 баптарына сәйкес келесі міндеттер ұсынылсын:
Тармақша 1
1) азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметімен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандық емдеу мекемелері аркылы көкірек клеткасына флюрография (рентгеноскопия) жасау, аяқ табандарын тексеру, электрокардиограмма, анализдер өткізуі барлық азаматтарға 2007 жылдың қаңтарынан Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есеп жоспарына сәйкес қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссияны Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырмасы бойынша қажетті мөлшерде дәрігерлік және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің берген тізімге сәйкес тіркеуден өткеннен соң емдеу қажет етілетін азаматтарды емдеу мекемесінің қарамағына алып келіп, кезекті әскери шақыруға дейін емдеу жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет түралы» Заңына сәйкес барлық ауылдык округтердің әкімдеріне жүктелсін:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын барлық азаматтарға колма кол шақыру қағазы беріліп, оралдың толық комиссиядан Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорганыс істері жөніндегі бөлімі белгілеген мерзімге сәйкес әскерге шақыру учаскесіне келіп өтуін қадағаласын;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақырушылар учаскесіне жеткізу үшін қажет көлік пен жетекші бөлу қамтамасыз етілсін, азаматтарды тасымалдауда апат жағдайлардан сақтап калу үшін шаралар қабылдансын;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды жіберер бұрын шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттарының толык екендігі тексерілсін.
Тармақ 6
6. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б. И. Кимикпаев) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрауы бойынша әскери міндетті атқарудан бас тартқан азаматтарға қажетті түрде іздеу салу жүргізу үсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 7
7. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н. Г. Дышкант) тіркеу жасау учаскесіне бюджетте қаралған қажетті ақша бөлінсін.
Тармақ 8
8. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ш. С. Мусин) 1990 жылы туылған азаматтардың әскери шақыру учаскесіне тіркеуінің қорытындысын Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкіміне 2007 жылдың сәуір айында хабарласын.
Тармақ 9
9. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жамал Рахымбекқызы Ыбышоваға және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің бастығы Шайдолла Сапарұлы Мусинға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы каулы ресми түрде жарияланған кезден бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндеғі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.С.Мусин 2006 жылы 27 желтоқсан «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.И.Кимикпаев 2006 жылы 27 желтоқсан «Қазакстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорынның бас дәрігері А.Н.Мушта 2006 жылы 27 желтоқсан