О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Зерендинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды Зеренді аудандық қорганыс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақырту учаскесінде тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары және Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы негізінде, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамды деңгейін анықтау, жалпы білімінің, алған мамандығының және дене тәрбиесі дайындығының деңгейін белгілеу мақсаттарында, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінде тіркеу өткізілсін.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу үшін қоса берілген комиссияның жеке құрамы құрылсын және бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Б.Жанғалов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2007 жылдың 15 қаңтарынан 30 қаңтарына дейінгі мерзімде Зеренді аудандык аурухананың негізінде тіркеуден өтетін жастардың флюорографиялық тексеруін және қан мен зәр талдауының зерттеуін өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 1990 жылы туған азаматтарды Зеренді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінің базасында дәрігерлік куәландыруден өткізу үшін қажетті дәрігер, орташа медициналық персоналдың, сондай-ақ құрал-жабдықтардың қажетті санын бөлсін.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімінің бастығы С.Айтуғанов 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу үшін бекітілген аудан бюджетіне сәйкес қаржыландыруды өткізсін.
Тармақ 5
5. Селолық округ және кент әкімдері 1990 жылы туған азаматтарды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне кестеге сәйкес келуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін (қосымша).
Тармақ 6
6. Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Шәріпов (келісім бойынша) тіркеуден өткізу кезінде шақырту учаскесінде құқық тәртібінің және тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы З.Б.Қазиақпарова тіркеуді өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқаруға 1 жұмыссыз адам бөлсін.
Тармақ 8
8. Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2005 жылғы 9 желтоқсанда № 1-14-28 тіркелген, аудан әкімінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №44 «1990 жылы туған азаматтарды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақырту учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» қабылданған шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап әрекетке енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
Басқа 13. 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі комиссияның жеке құрамы
БЕКІТІЛДІ Әкімнің 2006 жылғы «21» 12 № 37 «1990 жылы туған азаматтарды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақырту учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» шешімімен 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі комиссияның жеке құрамы Комиссия төрағасы: Серік Жанапияұлы Жұманов қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Комиссия төрағасының орынбасары: Әлия Аманжолқызы Таласбаева, аудан әкімінің орынбасары Комиссия мүшелері: Болат Қажмұхамматұлы Дүйсенов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Ғиззат Қуанышбайқызы Сүлейменова, орталық аудандық аурухананың терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы Хатшы Валентина Викторовна Куликова, жедел жәрдем медбикесі
Басқа 14. Зеренді ауданы бойынша 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуге өтуге келу КЕСТЕСІ
Қосымша Әкімнің 2006 жылғы «21» 12 № 37 «1990 жылы туған азаматтарды Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақырту учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» шешіміне Зеренді ауданы бойынша 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуге өтуге келу КЕСТЕСІ Селолық округтер мен кенттердің атаулары Адам саны Медициналық комиссия Ескертулер 1 Зеренді 33 15.01.2007 жыл 50 16.01.2007 жыл 2 Алексеевка 21 17.01.2007 жыл 3 Қызылсая 14 17.01.2007 жыл 4' С.Сейфуллин атындағы 8 17.01.2007 жыл 5 Күсеп 19 18.01.2007 жыл 6 Қазоты 17 18.01.2007 жыл 7 Қонысбай 19 19.01.2007 жыл 8 Симферополь 15 19.01.2007 жыл 9 Бірлестік 1 19.01.2007 жыл 10 Бұлақ 15 22.01.2007 жыл 11 Сарыөзек 9 22.01.2007 жыл 12 Ақкөл 19 23.01.2007 жыл 13 Ортақ 14 23.01.2007 жыл 14 Самарбай 17 23.01.2007 жыл 15 Викторовка 34 24.01.2007 жыл 16 Исаковка 16 24.01.2007 жыл 17 Пухальск 8 25.01.2007 жыл 18 Қызылегіс 7 25.01.2007 жыл 19 Қ.Қанай би атындагы 7 25.01.2007 жыл 20 Приречен 13 26.01.2007 жыл 21 Садовый 6 26.01.2007 жыл 22 Троицк 16 29.01.2007 жыл 23 Бәйтерек 9 29.01.2007 жыл 24 Чаглинка 50 30.01.2007 жыл Барлығы: 437