О проведении приписки юношей 1990 года рождения, а также старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку Бухар-Жырауского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 17 бабының негізінде, Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне 1990 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің сапалы және дер кезінде тіркелуін өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің негізінде 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін мынадай құрамда комиссия бекітілсін: Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссиясының төрағасы Асхат Сағадиұлы Әли аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Қайрат Шәкірұлы Шәкіров аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағадат Қабиұлы Какенов медициналық персоналдың жұмысын басқарушы дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы Жанас Жұматайұлы Құнанбаев Бұқар жырау ауданы қорғаныс Істері жөніндегі бөлімнің әскери міндеттілерді контракт бойынша іріктеу және шақыру бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы Медициналық комиссия мүшелері: Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург Сағдат Қабиұлы Какенов дәрігер-терапевт Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер-невропатолог Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер-офтальмолог Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер-стоматолог Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дерматолог Тиштық Шікенқызы Шікенова дәрігер-психиатр Жібек Бахийқызы Жүнісова дәрігер-рентгенолог
Тармақ 3
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша комиссия мүшелеріне, комиссия жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне осы міндеттерді орындау уақытында жұмыс орны, қызметі және орта еңбекақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Комиссия төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) комиссияның отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және шақыру учаскесінде жас жігіттерді тіркеудің сапалы өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі Заңның орындалуын қатаң қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Селолық округтер және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) құлақтандыру ұйымдастырсын және 1990 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің белгіленген мерзімде қажетті құжаттармен Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) тіркелу өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және тағайындау жөніндегі мамандары тартылсын.
Тармақ 6
6. Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық «Аудандық медициналық бірлестік» кәсіпорынының директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінің ауруханаларында 1990 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің кеуде талшығы флюорографиясынан өткізілуін, электрокардиограмма, анализдер тапсыруын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1990 жылы туған жас жігіттерді, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттерді тексеру үшін табан флюорографиясына рентгенопленкалардың және электрокардиограмма өткізу үшін қағаздың резерві жасалсын;
Тармақша 3
3) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінің стационарында қосымша тексеру және тіркеуден өтіп жүргенде анықталған ауруларды емдеу үшін төсек орнының резерві болсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бсқармасының бастығы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1990 жылы туған жас жігіттерге, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттерге қатысты тергеу немесе алдын-ала тексеріс жөнінде мәлімет ұсынсын, сонымен қатар тіркеуден бас тартып жүрген жігіттерге іздеу салсын.
Тармақша 2
2) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тіркеу комиссиясы мерзімінде аудан орталығының учаскелік инспекторлар санынан кезекшілік құрылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Жұлдыз Қожабергенқызы Қапашева) Заңның 44 бабына сәйкес, смета бойынша, тіркеуден өту шараларына байланысты іс-шараларға қаржы бөлсін.
Тармақ 9
9. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар және оқу орындарының басшылары жас жігіттерді оқудан, еңбекақысы сақталуымен жұмыстан босатсын, тіркеуден өту мерзімі мен уақыты жөнінде құлақтандырсын.
Тармақ 10
10. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2007 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсынсын.
Тармақ 11
11. Бұқар жырау аудан әкімдігінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы №29\5 «1989 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-16, аудандық 4 «Сарыарқа» газетінде 2006 жылдың 28 қаңтарында жарияланған)
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Келісілген Аудандық медициналық бірлестіктің директоры Б. Мұздыбай 26.12.2006 Бұқар жырау ауланының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө. Әбілов 26.12.2006 Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М. Рақымжанов 26.12.2006