О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны Костанайского района Қолданыста
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16, 17 және 44-баптарына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған еркек жынысты азаматтарды 2007 жылдың қаңтар - наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Д.С. Айсин) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын тұлғаларды хабардар ету және іздестіру топтарын құру;
Тармақша 2
2) 1990 жылы туған жасөспірімдердің 2007 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге келу есебін құрып, Алтынсарин ауданының әкімімен бекітіп және оны орындаушыларға жеткізу;
Тармақша 3
3) уақытша жұмысқа техникалық қызметкерді кабылдау.
Тармақ 3
3. 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және ұйымдастыру үшін тіркеу жөніндегі аудандық комиссия келесі құрамда бекітілсін:
Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - "Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Таңкыбаев Кенеш Ғалибекұлы - Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әубәкіров Ғалихан Сақанұлы - " Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі " мемлекеттік мекемесінің қызмет жөніндегі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Қуанова Жанна Құсайынкызы - " Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Қалмұрзаева Салтанат Қажмұханқызы - " Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынынын медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Резервтік құрамы:
Никифоров Сергей Геннадьевич - "Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген болімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Өмірбаев Алмат Тоқышұлы - Аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасынын орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жұмасов Жанболат Дүйсенбайұлы - " Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданынын ішкі істер бөлімі " мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Ивлев Игорь Владимирович - " Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының педиатр-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Тоқтасынова Қымбат Темірғалиқызы - " Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. " Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (Ж.Қ. Қуанова) (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) келу есебіне сәйкес азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесін дәрігер-мамандар мен орта буын медициналык қызметкерлермен;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін 10 кереует көлеміндегі орындарды;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге және емделуге жолданылған шакырылушыларды бақылауды;
Тармақша 4
4) медициналық комиссияны қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, мүліктермен жабдықтауды.
Тармақ 5
5. Селолық округтер мен селолардың әкімдері тіркеу жүргізу кезеңінде ұйымдастырсын және камтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды хабардар етуді және келуін, келу есебіне сәйкес Костанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне уақытылы жеткізілуін;
Тармақша 2
2) қосымша медициналық тексеруге жолданылған шакырылушыларды бақылауды;
Тармақша 3
3) медициналык және тіркеу комиссиясына келмей, әскери есепке тұрудан жалтарып жүрген әскерге шақырылушылар бойынша іздестіру іс-шараларың.
Тармақ 6
6. " Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі " мемлекеттік мекемесінің бастығына (Е.К. Әміров) (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарып жүрген түлғаларды шақыру учаскесіне жеткізу және іздестіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, іздестірудегі және ұсталғандарды жеткізудегі шығындарды өтеу сол тұлғалардың есебінен жүргізу;
Тармақша 2
2) медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезеңінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті колдау үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі кызметкерін бөлу.
Тармақ 7
7. Тіркеу жүргізу және медициналық куәландыру комиссиясының жұмысына қатыстырылатын мамандарға тұрақты жұмыс орындарында орташа айлык жалақылары сақталсын.
Тармақ 8
8. "Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Д.С. Айсин) (келісім бойынша) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (А.М. Грынькив) бірлесе отырып тіркеу жүргізу кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу мекемелеріне жеткізу;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен камтамасыз ету;
Тармақша 3
3) олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырып, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғандығы туралы хабарландыруын беру;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орнына түсудегі әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырушылардың әрқайсысымен жеке әңгімелесуді өткізу.
Тармақ 9
9. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2007 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде, 1990 жылы туған азаматтарды Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Алтынсарин ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2006 жылғы 4 каңтардағы № 2 "1989 жылы туған азаматтарды Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-18, 2006 жылғы 4 ақпандағы № 4 «Таза бұлақ – Чистый родник» газеті);
2006 жылғы 7 наурыздағы № 83 «Әкімдіктің 2006 жылғы 4 каңтардағы № 2 «1989 жылы туған азаматтарды Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» каулысына өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-20, 2006 жылғы 30 наурыздағы № 10 «Таза бұлақ- Чистый родник» газеті).
Тармақ 11
11. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.