О проведении приписки граждан 1990 года рождения к Есильскому районному призывному участку Қолданыста
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтардың Есіл аудандық шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының осы тіркеу жүргізілген жылы 17 жасқа толып отырған, сонымен бірге бұрын шақыру учаскесіне тіркелмеген жасы үлкен азаматтарын әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және дене бітімі дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған азаматтардың аудандық шақыру учаскесне тіркелуі 2007 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін жүргізілсін
Тармақ 2
2. Аудандық тіркеу комиссиясының қосымшаға сәйкес құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Есіл қалалық, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері 1990 жылы туған жасөспірімдердің есебін жүргізсін, Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті, жасөспірімдер тізімін берсін, олардың белгіленген кестеге сәйкес медициналық куәландырылұуына және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының бұйрығында көрсетілген кұжаттарымен тіркелуге ұйымдастырылған түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Есіл аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) әскери шақырылушылардың сапалы медициналық тексерілуі үшін қажетті медицина кабинеттерін бөлсін, медициналық комиссияны маман-дәрігерлер және медбикелермен толықтырылуын қамтамасыз етсін, қажетті медикаменттер, медициналық құрал-жабдыктармен қамтамасыз етсін, әскери шақырылушылардың стационарлық тексеріліп емделуіне және ауырған жасөспірімдердің емделуі үшін аудандық ауруханадан 20 төсек-орын дайындалсын.
Тармақ 5
5. Есіл аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) тіркеу жүргізілу кезінде ауданның барлық аумағына бақылау жасап, азаматтардың тіркеу бөлімшесіне уақытылы келуін қадағалап келмегендерін іздестіріп, келуден бас тартқандарын ұсталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) тіркеу жұмысының қортындысы туралы мәліметті аудан әкімі аппаратына 2007 жылдың 6 сәуіріне дейін берсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Есіл ауданы Әділет басқармасында тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиісті.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы
аудандық орталық аурухана бас дәрігері
Каримов Санат Вокзалович
Есіл аудандык ішкі
істер бөлімнің бастығы
Паршин Константин Геннадьевич
Есіл аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің бастығы
Басқа 9. Комиссия мүшелері:
Есіл ауданы әкімінің 2006 ж
15 желтоқсандағы №22
шешімімен БЕКІТІЛГЕН
қосымша
Аудандық тіркеу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Паршин Константин Геннадьевич Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Ахметова Гүлнар Төлеппекқызы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Бапишева Динара Ескенбайқызы аудандық кеңесші-диагностикалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
Қойшыбаева Жібек Қабдешқызы аудандық кеңесші-диагностикалық емханасының терапевт-дәрігері (келісімі бойынша)
Сейітов Сүйіндік Зәркешұлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)