О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Аршалынского района Қолданыста
Басқа 1
Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туылған азаматтарды есепке алуды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес әскерге дейінгі жастарды әскери есепке алу үшін және олардың санын анықтау, әскери қызметке денсаулық жарамдылығын, мамандық бойынша білім сапалылығын және денсаулықтарының дайындығын бақылау мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданы Писарев көшесі 52 үйде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 2007 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында әскери есепке алу жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Аршалы кенті және ауылдық округ әкімдері, мекемелер мен кәсіпорын жетекшілері меншік түріне қарамай, 1990 жылы туылған азаматтарды Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне көрсетілген мерзімде, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімнің жетекшілігімен жеткізілсін.
4. Азаматтарды әскерге шақыру тізімін алуды өткізу үшін, шақыру пунктінде (№ 1, № 2 қосымшаға сәйкес) комиссия кұрылсын.
Тармақ 5
5. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына, Аршалы аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) қажетті дәрігер- мамандар және орта медицина қызметкерлерін қажетті медициналық құрал- жабдықтармен және шаруашылық мүліктерін бөлсін. Есепке алу комиссиясы бойынша жолдамамен жіберілгендерге қосымша тексерулер жүргізу үшін, аурухана бөлімдерінде бос төсек орындар болуы керек.
Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде құрылған актілермен уақытында тексерулер өткізілсін.
Есепке алынған барлық азаматтардың ауыз қуыстарын санциялау, тексеру анализдерін жасау, кеуде клеткасына флюрографиялық тексерулерді өткізу аудандық емдеу-сауықтыру мекемесі арқылы қамтамасыз етілсін.
Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, әскери есепке алу өткізіліп болғаннан кейін, 1990 жылы туылған жастардың тізімі жасалып, емдеуді қажет ететіндерді жедел әскери қызметке шақырылуға дейін, емдеу мекемелеріне бекітіп, олардың емделуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Мекемелер мен ұйымдар Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне азаматтарды жеткізу кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталсын. Жеткізу алдында азаматтардың барлық құжаттары тексерілсін.
Ұйымдардың және кәсіпорындардың жетекшілері меншік түріне қарамай, есепке алуға жататын, 1990 жылы туылған жастарды оқудан және жұмыстан босатып, іс сапарға жіберілгендерді шақырып алып Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тағайындаған мерзімде келуін міндеттесін.
Тармақ 7
7. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, апта сайын азаматтардың әскери есепке алыну нәтижесін аудан әкіміне баяндасын.
Тармақ 8
8. Азаматтарды әскери есепке алу науқанына байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен берілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында тіркелген және жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН
Аршалы аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім
бастығы капитан
Н. Асылбеков
27.12.2006 ж.
КЕЛІСІЛГЕН
Аршалы аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері
В. Биджиев
27.12.2006 ж.
КЕЛІСІЛГЕН
Аршалы аудандық ішкі
істері бөлімінің бастығы
подполковник
X. Әукенов
27.12.2006 ж.
Басқа 11. Аршалы аудандық есепке алуды өткізу комиссиясының құрамы
Аудан әкімінің
2006 ж. «28» 12 № 20
Аршалы аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің әскерге
шақыру учаскесінде, 1990 жылы
туылған азаматтарды есепке алуды өткізу
туралы шешімімен бекітілген
№ 1 қосымша
Аршалы аудандық есепке алуды өткізу комиссиясының құрамы
Асылбеков Нұржан Төлеужанұлы - капитан, Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Татымтаева Шолпан Хамитбекқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әукенов Хамза Ғаббасұлы – полиция подполковнигі Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Демидович Людмила Николаевна - терапевт, комиссияның аға дәрігері (келісім бойынша)
Төлеубаева Роза Олжабайқызы - медбике, комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 12. Аршалы аудандық есепке алуды өткізу комиссиясының құрамын ауыстырушы
Аудан әкімінің
2006 ж. «28» 12 № 20
Аршалы аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің әскерге
шақыру учаскесінде, 1990 жылы
туылған азаматтарды есепке алуды өткізу
туралы шешімімен бекітілген
№ 2 қосымша
Аршалы аудандық есепке алуды өткізу комиссиясының құрамын ауыстырушы
Әлиев Ақдаулет Төлешұлы - капитан, Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы
Ахметов Балықбай Әуезханұлы - Аршалы аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Закарин Дәуренбек Шугайұлы - Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша)
Швейкин Анатолий Иванович - отоларинголог, комиссияның аға дәрігері (келісім бойынша)
Ермакова Елена Ивановна - медбике, комиссияның хатшысы (келісім бойынша)