О проведении приписки юношей 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Шортандинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңдарына сәйкес азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, алынған мамандығының жалпы білімдік деңгейін және дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған және бүрын тіркеуден өтпеген жоғары жастағы азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру участсесіне тіркеу 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеуді жүргізу үшін 1989 жылы туған азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу бойынша аудандық комиссиясының құрамы құрылсын (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. 1990 жылы туған азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімиің шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның жүмыс кестесі бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Селолық округтер, Шортанды, Жолымбет, Научный кенттерінің әкімдері, бағыну және меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшылары:
Тармақша 1
1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1990 жылы туған жастарды, белгіленген шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтардың тізімін белгіленген нысан бойынша ұсынсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеуден өту уақытына жүмыстан және оқудан, жұмысыстан босатып, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында дәл көрсетілген күн мен сағатта дербес шақыру қағазына сәйкес келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - мекеме) (келісімі бойынша) азаматтарды медициналық тексеруді жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) маман-дәрігерлер және медбикелердің қажетті санын бөлсін.
Тармақша 2
2) клинико-диагностикалық емхана медициналық комиссияның жұмысын қажетті құрал-жабдықтармен, анализдер жүргізуге қажетті саймандармен (электрокардиограмма, қан анализі, микрореакция, қан тобын анықтау, несеп талдауы);
Тармақша 3
3) тіркеуге жататын азаматтарды флюорографиялық тексеруден өткізу;
Тармақша 4
4) аудандық ауруханада азаматтарды стационарлық тексеруден жүргізуге мақсаттық тағайындаудағы төсектердің қажетті санымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Шортанды ауданының білім беру және спорт бөлімі» ММ және білім беру ұйымдарының директорлары Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне қажетті құжаттарды дайындауды және оқушылардың - белгіленген күн және сағатта алғашқы әскери дайындық оқытушысы және медициналық қызметкермен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Тіркеуді жүргізу уақытына Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкіміне (келісім бойынша) 5 адамнан тұратын техникалық қызметкерлер бөлінсін.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздеуді жүргізіп, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелсін;
Тармақша 2
2) комиссияның жұмысы уақытына тіркеу учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Шортанды ауданының қаржы бөлімі» ММ Шортанды ауданының қорғаныс істері жөнінде бөлімнің тапсырысы бойынша белгіленген мерзімде жергілікті бюджетте көз көлемде тіркеуді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Шортанды ауданы әкімдігінің «1990 жылы туған азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» 2006 жылдың 25 қаңтарындағы №А-1/19, Шортанды ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 28 ақпанында №1-18-16 нөмірмен тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2006 жылдың 1 сәуірінде №13 нөмірмен жарияланған қаулысы күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
Тармақ 12
12. Шортанды ауданы экімдігінің «1990 жылы туған жастарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» 2006 жылдың 20 желтоқсанындағы №А-7/185 қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасыйда мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 23. Тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы
Шортанды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «8» 01 № А-1/1 қаулысымен бекітілді 1 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы Асылбеков Ержан Сансызбайұлы капитан, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы Қасенова Сәуле Хайлуллақызы Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы, аудандық тіркеу комиссиясының төрағасының орынбасары Қожамсейітов Ахмадия Шабданұлы полиция подполковнигі, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Құдабаева Бәтен Базылқызы кеңестік-диагностикалық емхананың меңгерушісі, аудандық медициналық комиссияның аға дәрігері Салқынбай Сәулегул тіс емдеу кабинетінің медбикесі, аудандық тіркеу комиссиясының хатшысы
Басқа 24. Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысынының КЕСТЕСІ
Шортанды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «8» 01 № А-1/1 қаулысымен бекітілді 2 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысынының КЕСТЕСІ № Селолық (кенттер) округтерінің атауы Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысының мерзімі Жастардың саны 08.01. 09.01 10.01 11.01 12.02 15.01 1 Андреевка 11 2 Дамса 28 3 Елизаветинка 28 20 4 Жолымбет 30 34 5 Казцик 15 6 Научный 7 7 Новокубанка 12 8 Петровка 11 9 Раевка 9 10 Пригородный 10 11 Новоселовка 10 12 Шортанды 16 9 23 Қорытынды 50 50 50 50 50 23