О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку Карабалыкского района Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Қарабалық ауданының әскерге шақыру участкесіне Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 44-баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Саттаров Р. А., келісім бойынша) 1990 жылы туған, он жеті жасқа толғандарға, сондай-ақ үлкен жастағы, бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде тіркеу өткізуі ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық тіркеу және тіркеу медициналық комиссияларының құрамы бекітілсін (1, 2-қосымша).
Тармақ 3
3. «Қарабалық аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына ұсынылсын (Панченко Л.Д., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын жасөспірімдерді куәландыру үшін дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесін қажетті құралдармен және медициналық мүлікпен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. Қарабалық кенті және селолық округтерінің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) жасөспірімдерді оқудан, жұмыстан қолын үзуді қысқарту мақсатында, селолық округтерде, оқу орындарда әскерге шақырушылардың жеке істерін рәсімдеу және толтыруы жүргізілсін;
Тармақша 2
2) жасөспірімдерді қажетті құжаттармен (мінездеме, анықтамалар және тағы басқа) қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) тіркеу комиссиясына жасөспірімдерді жеткізу ушін, қыс жағдайында балаларды тасу үшін жарамды жөнделген автокөлігі, қажетті жағдайда ауарайының қолайсыз болған жағдайында шығарып салу үшін жоғары өтімді тракторы бөлінсін.
Тармақ 5
5. «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Дмитриева Г.И. келісім бойынша) тіркеуді өткізу кезеніне техникалық қызметкерді бөлуі ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қарабалық ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Сидорова Н.В., келісім бойынша) жергілікті бюджетінен ақша қаражаттың бөлуін қарастыруы ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (Сейітқұлов М.Т., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуден жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіру және оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) тіркеуді өткізу кезінде әскерге шақыру пунктінде құқықтық тәртібін қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Дмитриева Г.И., келісім бойынша) бірлескен «Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (Саттаров Р.А., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандидаттардың іріктеуіне арналған нарядты оқу орындарына дейін жүргізілсін;
Тармақша 2
2) әскери - оқу орындары бойынша бастапқы әскери даярлаудың оқытушылар - ұйымдастырушыларды анықтама материалдарымен қамтамасыз етілсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскери - оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысын бастау туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдар арқылы жарияласын;
Тармақша 4
4) әскери - оқу орындарына түсу үшін әскери - профессионалдық бағдарлау мақсатымен әр шақырылушымен жеке әңгімелесуді.
Тармақ 9
9. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 25 желтоқсандағы № 377 «Қостанай облысы Қарабалық ауданының әскерге шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуін жүргізу туралы» қаулысының, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-02 (2006 жылғы 19 қантардағы № 1 "Айна" газеті, Ақпараттық бюллютень), күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақьшовқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбе күн өткеннен кейін іс-қимылға енеді.
Басқа 23. Аудандық тіркеу комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
1-қосымша
Аудандық тіркеу комиссиясының құрамы
Саттаров Рашид Абдурашитұлы - "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
(келісім бойынша), комиссияның төрағасы
Нүркешев Қанапия Міржанұлы - "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің төтенше жағдайлары және азаматтық қорғаныс
бойынша бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Мұқанова Динагүл Шақсағатқызы - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
қазыналық коммуналдық кәсіпорнының медициналық бикесі,
комиссияның хатшысы
Көпжасаров Сағынтай Бахчанұлы - "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары
Фасхутдинова Надежда Фатовна - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының дәрігер-невропатологы
Басқа 24. Тіркеу медициналық комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
2-қосымша
Тіркеу медициналық комиссиясының құрамы
Фасхутдинова Надежда Фатовна - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының дәрігер-невропатологы,
комиссияның төрағасы
Мұқанова Динагүл Шақсағатқызы - "Қарабалык аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
қазыналық коммуналдық кәсіпорнының медициналық бикесі,
комиссияның хатшысы
Денисенко Вера Петровна - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының дәрігер - психиаторы
Жұмабаев Сейіт Жолмағамбетұлы - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының дәрігер - хирургі
Кәрімова Күләш - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының тіс дәрігері
Ковалева Нина Евгеньевна - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының дәрігер - терапеві
Қашақова Рәзия Қомбарқызы - "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының көмекейді қарайтын дәрігер