О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 'Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 10 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңінде Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтардың тіркеуі жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуден өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамында тіркеу жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Жастарды сапалы дәрігерлік куәландыру мақсатында «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Финк В.В.) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру пунктерін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медициналық мүлікпен, құрал-жабдықтармен және медициналық құралдармен жинақтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша жастарды медициналық куәландыру үшін қажетті дәрігерлер мен орта медициналық персоналдарын жіберсін;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда тіркеуге жататын, адамдардың стационарлық емделуін өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 15 - керует-орын бөлінуі қарастырылсын.
Тармақ 4
4. «Федоров ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Коваль П.Н.) тіркеуді жүргізу кезінде шақыру пунктін екі техникалық жұмысшыларымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Селолық округтерінің әкімдері және Федоров селосының әкімі, «Федоров ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Коваль П.Н.) тіркеу бойынша аудандық комиссиясының отырысына, медициналық комиссияға азаматтарды уақытында жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Федоров ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Кенжекеев М.М.) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркеуден жалтарып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (А.Н.Никифоров), «Федоров ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлескен, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөнінде оқу орындарына наряд жеткізілсін, әскери оқу орындары бойынша анықтама материалдармен бастауыш әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушыларды қамтамасыз етсін, олардың жұмыстарын ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыс басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау берілсін. Әскери оқу орындарына оқу үшін әскери - кәсіптік бағдары мақсатымен әрбір әскер жасына дейінгі азаматты тіркеу кезінде жеке әңгімелесу жүргізілсін.
Тармақ 8
8. Тіркеу жөніндегі учаскесіне жұмысқа жіберілген медициналық, техникалық, қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың, тіркеу бойынша комиссия мүшелерінің, осы азаматтар жіберілген ұйымдарда, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатыны мәліметке алынсын.
Тармақ 9
9. «Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Никифоров А.Н.) әкімдік қаулысын орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат аудан әкіміне 2007 жылғы 10 сәуірде берілсін.
Тармақ 10
10. Тіркеуді жүргізу және ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру 2007 жылғы ауданның бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде іске асырылсын.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» («Федоровские новости» газетінде 2006 жылғы 2 ақпанда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі нөмірі 9-20-13) әкімдіктің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 295 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн мерзімі өтілген соң күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға, «Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Н. Никифоровқа жүктелсін.
Басқа 19. Тіркеу бойынша аудандық комиссиясының ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысына қосымша Тіркеу бойынша аудандық комиссиясының ҚҰРАМЫ