О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны города Аркалыка Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскісіне тіркеуді жүргізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 17, 44-баптарын іс жүзіне асыру мақсатында Арқалақ қаласының экімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың қаңтар-наурызда Арқалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру участкісіне 1990 жылы туған, тіркеуге алынатын жылда 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туған азаматтарды шақыру участкісіне тіркеу жүргізу жөніндегі қалалық комиссия құрамы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Тексеру жүргізу кезеңінде Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне техникалық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Ауыл және ауылдық округтер әкімдері шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу үшін жастардың ұйымшылдықпен уақытында келуіне бекітілген кесте бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. «Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Сәндібеков Б.Н., келесім бойынша) тіркеу учаскесіне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. «Арқалық қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Мұхамбетжанова А.С.) 1990 жылы туған азаматтарды шакыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық комиссияны қаржыландыруды, сондай-ақ қарастырылған қаржы бөлу шегінде қалалық бюджет есебінен емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексерулерді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Меншік нысанына қарамастан мекемелер, кәсіпорындар және оқу орындары басшылары тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссиялардың жұмысына тартылған мамандардың, сондай-ақ тіркеуге жатқызылған азаматтардың тұрақты жұмыс орындары бойынша орташа еңбек ақысы сақталатынын естерінде ұстасын. Азаматтар әскер жасына дейінгі азаматтарды есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 8
8. «Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы (Ө. Өтебасов, келесім бойынша), «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығымен (Шалдыбаев Н.Ш.) бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталғаны туралы оқу орындарын хабардар етсін, бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы ақпарат құралдары арқылы ақпараттар берсін. Тіркеу кезінде әрбір әскерге шақырылушымен әскери-оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жекелей әңгімелер өткізсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.С. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 11. 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия құрамы
Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылдын 25 желтоқсандағы № 605 қаулысына 1-қосымша 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия құрамы Өтебасов Өркен Кәрібайұлы - «Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссиясының төрағасы Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы - «Арқалық қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Котова Лариса Васильевна - медициналық комиссия төрағасы, «Арқалық аумақтық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер- терапевті Кәкенов Тілеуғабыл Кәкенұлы - «Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Джапбасова Күлзинат Нұржақыпқызы - комиссия хатшысы, «Арқалық аумақтық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі
Басқа 12. 2007 жылғы қаңтар-наурыз аралығында өтетін әскерге шақыру жұмысын қамтамасыз етуге оқу орындарынан бөлінген техникалық қызметкерлердің тізімі
Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «25» желтоқсанындағы № 605 қаулысына 2-қосымша 2007 жылғы қаңтар-наурыз аралығында өтетін әскерге шақыру жұмысын қамтамасыз етуге оқу орындарынан бөлінген техникалық қызметкерлердің тізімі
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласының білім бөлімінің экономикалық білім беретін лицейлік сыныптары бар № 2 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 3
3. «Арқалық қаласының білім бөлімінің Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 1
1. Арқалық қаласының білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласының білім бөлімінің М. Әуезов атындағы № 5 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 3
3. «Арқалық қаласының білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы № 6 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласы білім бөлімінің № 8 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
Тармақ 3
3. «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған көп салалы жалпы орта білім беретін гимназия» мемлекеттік мекемесі - 1 адам