1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды
шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занның басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласында тұрақты немесе уақытша тұратын, 1990 жылы туған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеу учаскесіне белгілі бір себептермен тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды тіркеу 2007 жылғы қаңтар-наурызда өткізілсін:
Тармақ 2
2. Орал қаласының білім беру бөлімі (М.Ғ.Берқалиев):
Тармақша 1
1) тіркеу басталғанға дейін, оқу жылы бойына орта білім алмай оқу орындарынан шығып қалған жігіттердің тізімін тапсырсын және оларды жүмысшы жастар мектептеріне тіркесін.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына түсу үшін оқу үлгерімі үздік, жақсы шыныққан жігіттер арасында жұмысты күшейтсін.
Тармақ 3
3. Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е.М.Абулхатин) Орал қаласының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне үш ай мерзімге есептегі жұмыссыздар қатарынан 45 адамды техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
Тармақ 4
4. Жігіттерді тіркеу учаскесіне ұйымшылдықпен және толық келуін қамтамасыз ету үшін 3 адамнан: Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, қалалық ішкі істер бөлімі мен әскери міндеттілер өкілдерінен бақылау тобы құрылсын.
Тармақ 5
5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
Тармақ 6
6. Жігіттерді тіркеу учаскесіне тіркеу кезеңіне мынадай құрамда кәсіби-психологиялық таңдау тобы құрылсын:
Тармақша 1
1) топ бастығы - Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі;
Тармақша 2
2) топ мүшелері: Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілі, психолог-дәрігер, психолог-маман.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Е.Р.Мүқаев пен Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының быстығы подполковник Д.Ж.Ғалеевке жүктелсін.