Қолданыстағы ред. 29.12.2006

1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 29.12.2006 г. № 170 (1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы)

0

1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31 бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» заңының 17 бабы 5-тармағына сәйкес, аудан аумағында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскери шақыру комиссиясы мына мекен-жайға ұйымдастыру: Қорғалжын ауылы, Аудандық орталық аурухана.

2

2. 2007 жылдың қаңтар - наурыз айларында Қорғалжын ауданының аумағында 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Әшімов Талғат Оралбекович Қорғалжын ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша).
Каримова Қалима Мұсылманбековна аудан әкімі аппартының мемлекеттік -құкықтық бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері:
Құсайнов Әмірхан Ықласович аудандық орталық аурухананың дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша).
Шахманова Роза Жукупбековна аудандық орталық аурухананың дәрігері. комиссия мүшесі (келісім бойынша):
Найманбаев Егінбай Қазенович АІІБ - бастығының орынбасары КОМИССИЯ мүшесі (келісім бойынша).
Мұқатаева Бибіғайша Абсағитовна аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Келісім шарт бойынша әскери қызметкерлер мен әскерге шақырылушыларды жинау бөлімше бастығы А.Баймолдин.

3

3. Қорғалжын ауданы ауруханасының бас дәрігері (А.Үсенов келісім бойынша).

1

1) Азаматтарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы №100 бұйрығының талаптарына сәйкес медициналық комиссияны медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық мүлікпен жасақтап, осы бұйрыққа және енгізілген өзгерістерді басшылыққа ала отыру шаралары қолданылсын.

2

2) Азаматтарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу үшін флюорографиялық, электрокордиологиялық және зерттеудің басқа түрлерінен өткізілсін.

3

3) Азаматтарды клиникалық зерттеу және емдеу үшін аудандық ауруханада қосымша бес төсек тағайындалсын.

4

4. Ауыл әкімдеріне меншік нысанына қарамастан, ұжым және оқу орын басшыларына 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге тізім беру, олардың медициналық куәландыру комиссиясына келуін және қажетті құжаттарды толық болуын қадағалау тапсырылсын.

5

5. Аудандық оқу бөлім бастығына (Б.Ахатова).
Азаматтардың жеке дербес істеріне қажетті құжаттарды жинау үшін мектептердегі алғашқы әскери даярлық пәнінің жетекшілеріне жүктеу тапсырылсын.

6

6. Аудандық ішкі істері бөлім бастығына (А.Ғали келісім бойынша) Азаматтарды шақыру учаскесінде коғамдық тәртіпті бұзбауын қадағалау және себепсіз келмей қалған азаматтарды іздестіру ауыл учаскелік инспекторлары арқылы жүргізілсін.

7

7. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (Б.Рысбаева) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына кеткен әртүрлі шығындар жергілікті бюджеттен қарастыру тапсырылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

9

9. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.