О проведении приписки граждан 1990 года рождения, проживающих в Енбекшильдерском районе, к призывному участку отдела по делам обороны Енбекшильдерского района Қолданыста
Басқа 0
Еңбекшілдер ауданында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» №74 Заңының 3-тарауының 17-бабына сәйкес, 1990 жылы туған және жасы бұдан үлкен, бірақ бұрын өтпеген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында Еңбекшілдер ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыру пункті мына мекен-жайда ұйымдастырылсын: Степняк қаласы, Кенесары көшесі, 26-үй.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туған азаматтар Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінде 2007 жылдың 15 қаңтарынан 30 наурызға дейін тіркеуден өткізілсін.
Тармақ 3
3. Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) тіркеуден өтуге тиісті азаматтарға шақырту жасасын.
Тармақ 4
4. 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу жөнінде комиссия құрылсын (№1 қосымша).
Тармақ 5
5. Еңбекшілдер аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісімі бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығымен бірлесе отырып, әскерге шақыру учаскесінде тәртіп пен реттілікті қамтамасыз ету, тіркеуден жалтарушы азаматтарды іздестіру жөніндегі шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Еңбекшілдер аудандық ауруханасының бас дәрігеріне (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетіне маман дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлсін;
Тармақша 2
2) тіркеу комиссиясының жұмыс атқару кезінде маман дәрігерлік пен орта медициналық қызметкерлердің орташа еңбек ақысын сақтай отырып, негізгі жұмыс орнындағы міндеттерін атқарудан босатсын;
Тармақша 3
3) тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдауы бойынша келіп түсетін азаматтарды қосымша қарауға арналған резервтік төсек-орын қалдырсын;
Тармақша 4
4) дәрігерлік қосымша қарауды қорғаныс істері жөніндегі бөлім белгіленген мерзімде жүргізіп, оған акті толтырсын;
Тармақша 5
5) комиссиядан өтетін адам санына арнап қажетті мөлшерде реактивтер мен басқа да қажетті материалдар әзірлесін (2-қосымшаға сәйкес);
Тармақша 6
6) ауданның емдеу-профилактикалық мекемелер арқылы 2007 жылдың 15 қаңтарынан бастап қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келудің есеп жоспарына сәйкес тіркеуден өтуге тиісті азаматтардың флюорографиялық зерттеулер мен талдаудан өтуін қамтамасыз етсін (2-қосымша);
Тармақша 7
7) қорғаныс істері жөніндегі бөлім жанындағы медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 8
8) азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өтіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлім емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін ұсынған соң оларды емдеу-профилактикалық мекемелерге бекітіп, мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін емделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдері азаматтардың болуын қамтамасыз етсін, тіркеу өткізілетін уақытқа дейін 1990 жылы туған азаматтардың бәрі жеке басының куәлігін алуға тиіс.
Тармақ 8
8. Тіркеу жұмыстарын өткізуге байланысты шығындар (техникалық қызметкерлердің, қызмет етуші адамдардың еңбек ақысын төлеу, көлік шығындары) жергілікті бюджет есебінен төленсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Омаров Ш.С. жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінде жариялануы тиіс.
Басқа 19. Аудандық тіркеу комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімінің
2006 жылғы «25» 12 №14 шешіміне
1-қосымша
Аудандық тіркеу комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Балғожинов Серік Кеңесұлы
- қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы
Болатов Қалымбай Қариполлаұлы
- аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Баржақсымов Ерлік Қадірбекұлы
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары
Дүйсенбаев Қанат Қайроллаұлы
- аудандық орталық аурухана хирургия бөлімшесінің меңгерушісі
Шаманаева Елена Ивановна
- тіркеу комиссиясының хатшысы
Аудандық тіркеу комиссиясының резервтік құрамы:
Уәли Нұрлан Қанапияұлы
- жұмылдыру және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы (комиссиясының төрағасы)
Мұқаметжанов Амантай Мүстәнұлы
- аудан әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы (комиссия төрағасының орынбасары)
Басқа 20. 1990 жылы туған азаматтардың тіркеу комиссиясынан өтуге және анализдер тапсыру үшін флюорографиялық зерттеуге келуінің
ЕСЕБІ
Еңбекшілдер ауданы әкімінің
2006 жылғы «25» 12 №14 шешіміне
2-қосымша
1990 жылы туған азаматтардың тіркеу комиссиясынан өтуге және анализдер тапсыру үшін флюорографиялық зерттеуге келуінің
ЕСЕБІ
Рет саны
Ауылдық округтің атауы
Әскерге шақыр. саны
Анализдер тапсыру күндері
Әскери шақыру комиссиясына келетін күндері
15
16
17
18
19
22
23
24
15
16
17
18
19
22
23
24
25
26
29
30
31
1
Ақсу
2
Х
Х
Р
Е
З
Е
Р
В
Т
І
К
2
Аңғалбатыр
10
Х
Х
3
Баймырза
4
Х
Х
4
Бірсуат
6
Х
Х
5
Донской
9
Х
Х
6
Еңбекшілдер
7
Х
Х
7
Заозерный
4
Х
Х
8
Заурал
8
Х
Х
К
Ү
Н
Д
Е
Р
9
Кеңащы
7
Х
Х
10
Краснофлот
2
Х
Х
11
Макин
14
Х
12
Мамай
5
Х
Х
13
Степняк қ.
19
Х
Х
14
Уәлихан
4
Х
Х
15
Үлгі
13
Х
Х
БАРЛЫҒЫ
114