1990 жылы тұған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы тұған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының бабы 1 тармағы 8 тармақшысына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занның 17 бабына сәйкес, 1990 жылы туған жасөспірімдерді шақыру натежелерінде тіркеуден өткізуді ұйымшылдықпен өткізу мақсатында аудан жергілікті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы түған жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде тіркеуден комиссиясының құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Майкайың поселкесінің және селолық округтердің әкімдері жылдың қантар-наурыз айларында 1990 жылы туған және бұдан бұрын өтпеген жастарды тіркеуден өткізуді жоғары ұйымшылдықпен өтуге міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Майқайың поселкесінің және селолық округтердің әкімдері, меншік және қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары, директорлары, тіркелім басталғанға дейін және оның барасында 1990 жылы туған жасөспірімдердің мезгілінде және толық хабарлануын, шақыру қағазында көрсетілген мерзімді аудандық қорғаныс істер бөліміне 100 пайыз ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін қосымша) жасөспірімдердің шақыру қағаздарында көрсетілген талап етілген құжаттармен, екі тәулікке жететін қаржымен, жылы киіммен қамтылуына ерекше назар аударсын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Шалбаев Б.М. (келісім бойынша) тіркеу кезінде тұрақты кезекшілік етуге аудандық ішкі стер бөлімінің екі қызметкерін бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің аудандағы өкілі – аудандық аурухананың бас дәрігері Ағымбекова Ә.С. (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Қаулы баспасөз бетіне жарияланғаннан соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ф. Рахимоваға жүктелсін. Келісілді: Облыстық денсаулық сақтау департаментінің Аудандағы өкілі – аудындық аурухананың бас дәрігері А. Ағымбекова 22 12 2006 ж Келісілді: Аудандық ішкі істер бөлім бастығы полиция подполковнигі Б. Шалбаев 22 12 2006 ж Келісілді: Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, капитан А. Қнышбаев 22 12 2006 ж