О проведении приписки к призывным участкам граждан 1990 года рождения и подготовки молодежи к призыву на срочную военную службу Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары әскери басқару органдары арқылы:
Тармақша 1
1) жергілікті жерлерде тіркеуге алу жөніндегі тиісті комиссияларды төмендегі құрамда құрсын: комиссия төрағасы - қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімінің) бастығы; төраға орынбасары - жергілікті атқару органының өкілі; комиссия мүшелері - ішкі істер департаменті бөлімі бастығының орынбасары; - дәрігер, медициналық қызметшілер жұмысының жетекшісі, медициналық комиссияның төрағасы комиссия хатшысы - орта медициналық қызметкерлердің арасынан.
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерді арнайы құрал-жабдықтармен, қажетті техникалық жұмысшылармен, қызмет етуші персоналдармен және көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 1990 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тіркеуге алу кезінде техникалық жұмысшылардың, қызмет етуші персоналдың еңбекақысын төлеу шығындарын жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстың ішкі істер департаменті (Б.А. Майкеев):
Тармақша 1
1) 2007 жылғы 5 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, ол үшін аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімдері мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру топтарын құрсын;
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Н.Садықов):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелер тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
Тармақша 2
2) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге 1990 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандар жастардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 3
3) тіркеуге алуға дейін 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
Тармақша 4
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Н.Д.Бөлекбаева): қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен аудандық (қалалық) бөлімдерге, мүгедек деп танылатын 1990 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім департаменті (Т.Е.Естенов):
Тармақша 1
1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1990 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Т.Т. Чарапиев):
Тармақша 1
1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
Тармақ 8
8. Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы (Т.Р.Мәукебаев) осы шешімнің орындалу барысы туралы Алматы облысының әкіміне 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.