1990 жылы тұған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Май ауданының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занның 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1990 жылы тұған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 22.12.2006 г. № 321/5 (1990 жылы тұған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы)
1. Май ауданының азаматтарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) 17 жасқа толатын азаматтарды 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.
2. Ауданда азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын өткізу үшін төмендегі құрамда комиссия (қосымшаға сәйкес) құрылсын.
3. Май аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазыбеков) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезінде қажет маман дәрігерлермен қамтамасыз етсін:
1) дәрігерлік комиссиясы қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда орын ұйымдастырсын, амбулаторялық, стациоанарлық тексеру шағындарын ауылдық дәрігерлік амбулаториялар арқылы өтілуін қамтамасыз етсін;
2) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;
3) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар мүліктері бөлінсін;
4) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен тұскен № 1, № 2 тізімдердегі шақырушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлансын.
4. Ауыл, селолық округ әкімдері және барлық меншік нысаны кәсіпорын басшылары, 25 желтоқсанға дейін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтардың қолына шақыру қағазын беріп, олардың комиссия өтетін күндерінде болуын қамтамасыз етіп, тізімін және мінездеме дайындап, отбасы туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, білім жһніндегі құжаттық көшірмесі, 3х4 фотосурет 6 дана ұсынсын.
5. Ауыл және селолық округі әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскесіне қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз ету, бақылау жұмыстары жүктелсін.
6. Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (С. Мұқатаев) 2007 жылдың қантар айынан бастап наурыз айына дейін үш техникалық жұмыскерден босатсын.
7. Май ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (Солтанбаев Қ. Қ) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу барысында қоғамдық тәртіпі бақылау үшін жауыпты қызметкер бекітсін.
8. Май ауданының экономика және қаржы бөлімінің бастығы (Қоныржанов А.Б.), аудан әкімінің аппарат басшысы (Сарин Т.К) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебі бойынша қаржы бөлсін.
9. Азаматтарды ауыл және селолық округтерден шақыру учаскесіне, дәрігерлік мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім автокөлікті жалға алуға келісім шартқа отырсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Рахымжановқа жүктелсін.
Май аудан әкімдігінің
2006 жылғы «22» желтоқсандағы
«1990 жылы түған азаматтарды
шақыру учаскесіне тіркеу туралы»
№ 321/5 қаулысына қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының құрамы
Бектеміров Серік Болатұлы - ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы
Рахымжанов Ержан Мэлсұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Кәрімов Болат Уәнұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Каметова Ақтолқын Маутбекқызы – аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша)
Жақсыбекова Рәтай Ғизатқызы – медбиби, комиссия хатшысы (келісім бойынша)