О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку государственного учреждения «Объединенный отдел по делам обороны Жаркаинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туылған азаматтардың тіркелуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың тіркелуін сапалы және ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туылған азаматтарды аудандық тіркеу жөніндегі аудандық комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Тіркеу жөніндегі аудандық комиссия «Жарқайың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туылған азаматтардың тіркелуін ұйымдастырсын. Тіркеу жөніндегі аудандық қомиссиясының жұмысы 2007 жылғы 19 қаңтардан басталып 2007 жылғы 31 наурызда аяқталсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркелудің өткізілу кезеңінде 1990 жылы туылған азаматтар жұмыстан (оқудан) босатылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесіне олардың персоналдық шақыру қағаздары негізінде уақытында келуін камтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Жарқайың орталық аудандық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (Ахметов Б.С.) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қажетті медициналық, шаруашылық жабдықтар және кабинеттер мүліктермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) медициналық комиссия құрсын.
Тармақ 5
5. «Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Әбілмажінов Ж.Ш.) (келісім бойынша) өз құзырында әскери міндеттерден бас тартып жүрген азаматтарды іздеу мен оларды ұстауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелінсін. 7 . Осы қаулы Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Басқа 11. 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның кұрамы
Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «11» 01 № А-1/11 қаулысына қосымша 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның кұрамы Ділдебаев Дулат Бәкірұлы «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Егізбаев Сейілбек Жұмабекұлы «Жарқайың ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Кәкімов Санаржан Шәбденбайұлы «Жаркайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ғазезов Кемелбай Ғазезұлы Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Лепушенко Алевтина Петровна Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің медициналық статисті, комиссия хатшысы (келісім бойынша)