О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Ерейментауского района Акмолинской области Қолданыста
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармақшасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылдың 15 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырып жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу пункті келесі мекен-жайда ұйымдастырылсын: Ерейментау қаласы, Космонавтар көшесі, 9 үй.
Тармақ 3
3. Тіркеу жүргізуге арналған аудандық комиссия құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің бастығы В.М. Снежко (келісім бойынша) Ерейментау ауданының төңірегінде 1990 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығында дүниеге келген азаматтарды, сонымен бірге бұдан бұрын әртүрлі себептермен тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды тіркеу жүргізсін.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.М. Мейірманов (келісім бойынша);
Тармақша 1
1) Ерейментау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына азаматтарды куәландыруды жүргізу үшін қажетті деңгейде дәрігер-мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлсін;
Тармақша 3
3) медициналық комиссияны керекті кұрал-жабдықтармен, шаруашылық бұйымдармен, флюорографиялық пленкалармен қамтамасыз етсін;
Тармақ 6
6. Аудандық меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Ерейментау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен ауылдық округ әкімі аппараттарында өзара әрекеттесіп шақырушыларды алғашкы есепке алынуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуден өту ниетімен комиссияға келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Ерейментау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі көрсеткен мерзімде, қоса ұсынған есеп құжаттарына және 1 қосымша мен 2 қосымшаға сәйкес тіркеу учаскесіне техникалық қызметкерлер, қызмет көрсететін тұлғалар мен автокөлік бөлу;
Тармақ 7
7. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеуден өтетін жастағы барлық азаматтарға дербес шақыру қағазын табыс етуге және олардың аудандық қорғаныс істері жөнінде бөлімі белгілеген күні комиссияға келуіне мүмкіндік беруді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу комиссиясына алып баратын және өкіл жеткізетін көлік бөлсін. Жазатайым окиғаларын алдын алуға негізделген барлық шаралар қолданылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) Ерейментау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, тіркеуден жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру учаскесіндегі тәртіпті қамтамасыз етуде өзара әрекет ұйымдастырылсын.
Тармақ 9
9. Нақты шешімнің орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаева.
Тармақ 10
10. Осы шешім Ақмола облысы Ерейментау аудандық Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 18. Тіркеу жүргізуге арналған аудандық қомиссияның құрамы
1 қосымша
Ақмола облысы
Ерейментау аудандық әкімінің
2006 жылғы «26» желтоқсан
№ 16 шешімімен бекітілген
Тіркеу жүргізуге арналған аудандық қомиссияның құрамы
Снежко Виктор Михайлович - Ерейментау ауданы қорғаныс істер бойынша бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Рябуха Виктор Петрович - Аудан денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы
Комиссия мүшелері:
Айтжанов Батырбек Нуртайұлы - келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және әскер қатарына шақырылушыларды тіркеу бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Умаров Әсет Алиұлы - Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
Скала Ирина Григорьевна - клиникалық-диагностикалық емхананың бас дәрігері медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша)
Гүлбану Амангелдықызы Кәрімжанова - комиссиялық хатшысы клиникалық диагносгикалық емхананың медбикесі (келісім бойынша).
Басқа 19. 1990 жылы туған жігіттерді әскери есепке тіркеуді қамтамасыз етуге автокөлік бөлетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
2 қосымша
Ақмола облысы
Ерейментау аудандық әкімінің
2006 жылғы «26» желтоқсан
№ 16 шешімімен бекітілген
1990 жылы туған жігіттерді әскери есепке тіркеуді қамтамасыз етуге автокөлік бөлетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
Реттік саны
Кәсіпорындардың атауы
Кезекшілік мерзімі
Бөлінетін көліктің саны
Қаржы көздері
1
25-Жол машиналары станциясы (келісім бойынша)
Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің тапсырыстары жөнінде
1
Аудандық бюджет қаржылары
2
Жол өндірістік учаскесі (келісім бойынша)
Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің тапсырыстары жөнінде
1
Аудандық бюджет қаржылары
3
Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» АҚ Павлодар сигнализация және байланыс бас дистациясы филиалы (келісім бойынша)
Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің тапсырыстары жөнінде
1
Аудандық бюджет қаржылары
4
Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» АҚ Ерейментау теміржол дистациясы филиалы (келісім бойынша)
Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің тапсырыстары жөнінде
1
Аудандық бюджет қаржылары
5
«ЖШС Ақжол-А» (келісім бойынша)
Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің тапсырыстары жөнінде
1
Аудандық бюджет қаржылары
Басқа 20. 1990 жылы туған жігіттерді әскери есепке тіркеуді қамтамасыз етуге техникалық қызметтер бөлетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
3 қосымша
Ақмола облысы
Ерейментау аудандық әкімінің
2006 жылғы «26» желтоқсан
№ 16 шешімімен бекітілген
1990 жылы туған жігіттерді әскери есепке тіркеуді қамтамасыз етуге техникалық қызметтер бөлетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
Реттік саны
Кәсіпорындардың атауы
Кезекшілік мерзімі
Бөлінетін көліктің саны
Қаржы көздері
1
Аудандық халықты жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімі
5
2007 ж. 15 қаңтарынан 2007 ж. 30 наурызына дейін
Аудандық бюджет қаржылары