О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывным участкам в районных, городских отделах и управлениях по делам обороны Мангистауской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы аудандарының және қалаларының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының шақыру участкелеріне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және " Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері: 1990 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын шақыру участкелерінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды 2007 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру участкелеріне тіркеуді қамтамасыз етсін; шақыру участкелеріне азаматтарды тіркеуден өткізу үшін тиісті комисиялар құрсын; комиссияның жұмыс істеуіне арнап жабдықталған орын-жайлар бөлсін; азаматтарды тіркеу комиссиясының жұмыс істеуі үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуде қамту қызметшілері мен көліктің қажетті санын және байланыс құралдарын бөлсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстың iшкi iстер департаментіне (Д.К.Сабуров - келісім бойынша): азаматтарды тіркеу кезеңінде жергілікті ішкі істердің органдары қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен және басқармасымен өзара іс-қимылын ұйымдастырсын және шақыру участкелерінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету; облыстың барлық аумағында әскер жасына дейінгілердің шақыру участкелеріне келуін бақылауды жүзеге асырсын және олардың тiркелуден жалтару әрекетінің жолын кессу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстың Денсаулық сақтау Департаменті (А.Т.Айдарханов): қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқарманың өтінімдері бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлсін; әскер жасына дейінгілерді 2007 жылдың 10-шы қаңтарынан 31-ші наурызы аралығында флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, талдамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз етсін; шақыру участкелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын; тiркелгендерді сапалы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының медициналық комиссияларының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастырсын, бұл үшін облыстың емдеу мекемелеріне қажетті санда төсектік-орын бөлсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандар әкімдері, Маңғыстау облысы қаржы Департаментінің директоры (М.Б.Әлібекова): азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды, 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментңне (Б.А.Қалиев - келісім бойынша): жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тiркеудi толық қамтуға қол жеткізсін және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру; 2007 жылдың 10 сәуiріне дейiн 1990 жылы туған азаматтарды шақыру участкесiне тiркегендігі туралы облыс әкімінің аппаратына ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ө.Трұмовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.