О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождении к призывному участку объединенного отдела по делам обороны Костанайского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін өткізсін.
Тармақ 2
2. Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына ұсынылсын (Д.С. Айсин келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2007 жылдың каңтарынан наурызына дейін Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге 1990 жылы туған жастардың келу кестесін құрып Қостанай ауданы әкімімен бекітсін және оны орындаушыларға жеткізсін;
Тармақша 2
2) уақытша жұмысқа техникалық қызметкерлер және жеке көлігі бар жургізушілер қабылдансын.
Тармақ 3
3. 2007 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және өткізу үшін тіркеу бойынша аудандық комиссия және оның резерв құрамы мынадай құрамда құрылсын: Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Сүйінова Әсел Шохатқызы - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Жақыпов Марат Жұмағалиұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастыгьіның орынбасары (келісім бойынша) Малык Татьяна Александровна - «Қостанай аудандық орталык аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көз дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Резерв құрамы: Никифоров Сергей Геннадьевич - «Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Ильминская Вера Яковлевна - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Карагодина Вера Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Ақанбетов Серік Жаңбырұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі штабының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. 2007 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарынын тіркеуін ұйымдастыру және өткізу бойынша медициналық комиссия хатшысы болып «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі Акмурзина Күләш Аймұханқызы бекітілсін.
Тармақ 5
5. «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Е.Н.Савин келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезенінде ұйымдастыру және камтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) келу кестесіне сәйкес азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінін шақыру учаскесінде дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің болуын;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін саны 10 кереует орындарды;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге және емделуге жолданылған шақырылушыларды бақылауды;
Тармақша 4
4) медициналық комиссияны кажетті медициналық құрал-жабдықтармен, мүліктермен жабдықтауды.
Тармақ 6
6. Селолық округтер, селолар, Затобол кенті әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде қосымша медициналық тексеруге және емделуге жолданылған шақырылушыларға бақылау ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Н.Т.Дүскенов келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркелуден және медициналық тексеруден қашып жүрген тұлғаларды шақыру учаскесіне жеткізу және іздестіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезеңінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдык тәртіпті қолдану үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлсін.
Тармақ 8
8. Тіркеу жүргізу және медициналық куәландыру комиссиясының жұмысына қатыстырылатын мамандарға тұрақты жұмыс орындарында орташа айлык жалақылары сақталсын.
Тармақ 9
9. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ә.А.Қазин) тіркеу жүргізу кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери оку орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оку орындарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) алғашкы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) оқу орындарының атауымен және тұратын орындарын көрсете отырып, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берсін;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шакырушылардың әрқайсысымен жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 10
10. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2007 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шакыру учаскесіне 1990 жылы туған тіркеуін ұйымдастыру бойынша іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Қостанай ауданы әкімдігінің «2006 жылы Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ерлер қатарындағы азаматтарын ұйымдастыруын және тіркеуін жүргізу туралы» 2006 жылғы 27 қаңтардағы №105 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2006 жылдың 2 ақпанында нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-29 болып тіркелген) 2006 жылдың 24 ақпанында № 7 «Көзқарас-Взгляд» аудандық газетте жарияланған.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жуктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.