О проведении приписки граждан 1990 года рождении к призывному участку Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес, алдағы уақытта әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімнің бастығына (келісім бойынша) 2007 жылдың қаңтар - наурыз айларында аудан аумағында 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алуды өткізу, соңдай-ақ оны бұрын өтпеген одан жасы жоғары азаматтарды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімнің жанынан (бұдан әрі ҚІББ) шақыру учаскесі құрылсын. Қосымша бойынша, тізімге алу жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Тізімге алу жөніндегі комиссия үшін жұмыс күні, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс уақыты болып, сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін жоспарлансын.
Тармақ 4
4. Астрахан орталық аудандық ауруханасының бас дәрігеріне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды дәрігерлік бақылаудан өткізу үшін, медициналық комиссия құрамын білікті дәрігер-мамандармен және орташа медициналық құраммен жинақтасын.
Тармақша 2
2) аудандық ауруханада ҚІББ жолдамасымен жіберілген азаматтарды қосымша тексеруден өткізу үшін бос орындар сақталсын. Қосымша тексеріс ҚІББ белгілеген мерзімде, акт жасалу арқылы өткізілсін.
Тармақша 3
3) ҚІББ жоспарлары мен есептеріне сәйкес, ауданның емдеу-профилактикалық мекемелері арқылы тіркеуге алынатын барлық азаматтардың кеуде сүйектерін айнадан (рентгеннен) өткізу, жүректерінің электрокардиаграммасын түсіру, лабораториялық зерттеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4) азаматтар тіркеуге алу учаскелерінде тізімге алынғаннан кейін және ҚІББ берген емдеуді қажет ететін азаматтардың тізімі бойынша, олардың емдеу мекемелеріне бекітіліп емделулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) тізімге алынушы барлық азаматтарға шақыру қағазын тапсырсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне уақытымен келулерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру учаскелеріне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін, адамдарды тасымалдау кезінде бақытсыздық жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдасын;
Тармақша 4
4) ҚІББ өзара әрекет ете отырып, 2006 жылдың 31 наурызына дейін әскерге шақырушыларды алғашқы есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Кәсіпорындар мен ұйымдар, оқу орындарының басшылары тізімге алынушы азаматтарды комиссиядан өту, стационарлық тексеру және амбулаториялық анализ тапсыру кезінде жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) ҚІББ бірлесе отырып, әскерге шақыру учаскелерінде тәртіп сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Азаматтарды тізімге алу іс-шараларын орындауға байланысты шыққан шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. ҚІББ бастығына (келісім бойынша) 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алу жұмыстарының нәтижелері бойынша 2007 жылдың сәуір айында аудан әкіміне ақпарат тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланғаннан кейін әрекет етуге кіріседі.
Басқа 20
Астрахан ауданы әкімдігінің 2006ж.29.12 № 55 шешіміне қосымша Әскери тізімге алу комиссиясының кұрамы Оспанбаев Жұмабай Сыздықұлы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы, комиссия торағасы (келісім бойынша) Қожахмет Мирам Қосманұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Молдияров Қуат Темірболатұлы Астрахан аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Воротникова Любовь Константиновна Астрахан орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Төлеубекова Мүгілсім Жапарқызы Астрахан орталық аудандық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)