О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку управления по делам обороны города Жезказгана Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қаңтар-наурызында Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары тіркелетін болсын.
Тармақ 2
2. №1 қосымшаға сәйкес тіркеуді ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық тіркеу жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. №2 қосымшаға сәйкес тіркеу комиссиясының мүшелері ауырып қалған және басқа да себептермен болмай қалған жағдайда қалалық тіркеу комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. №3 қосымшаға сәйкес медициналық комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаменті аймақтық өкілдігінің бастығына (Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде тіркеу комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде медициналық, комиссия мүшелерінің жұмыс орындарының сақталуын және медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен, құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Қалалық білім беру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушыға (Лесова Вера Ивановна), Жезқазған қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісіне (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қарамағына қажетті техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 7
7. Қалалық ішкі істер басқармасына (Бөлекбаев Берік Сейтханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына сәйкес:
Тармақша 1
1) әскери міндеттілікті атқарудан бұлтарған адамдарды іздестіріп, жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ұсталған немесе тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы деректерді белгіленген мерзімде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Талап (Ниязбеков Марат Әбдікәрімұлы), Кеңгір (Сүттібаева Назикүл Сейтқалиқызы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қалалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жұктелсін. Келісілді: Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Бөлекбаев Берік Сейтханұлы 22.12.2006 Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы 22.12.2006 Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің Жезқазған аймақтық өкілдігінің бастығы 22.12.2006 Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы Қаланың қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Ахатов Манас Олжабайұлы 22.12.2006
Басқа 1. Қалалық тіркеу комиссиясының құрамы
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы №1663/12 қаулысына №1 қосымша Қалалық тіркеу комиссиясының құрамы Ахатов Манас Олжабайұлы – Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, комиссия төрағасы Филиппович Станислав Валентинович - Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Әбенов Абдынасыр Молдабайұлы – Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Мұқанов Амангельді Мұқанұлы – жүйке-тамыр дәрігері, қалалық медициналық комиссия төрағасы Осипчук Валентина Павловна – медбибі, әскерге тіркеу комиссиясының хатшысы
Басқа 2. Қалалық тіркеу комиссиясының резервтік құрамы
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы №1663/12 қаулысына №2 қосымша Қалалық тіркеу комиссиясының резервтік құрамы Шамбұлов Әділхан Құрманұлы - Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрағасы Балқыбаев Зауытқали Әбдірәсімұлы - Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелер: Мүхамедканов Марат Мұхтарұлы - Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Михальченко Марина Михайловна – терапевт-дәрігері, қалалық медициналық комиссия төрағасы Титова Ирина Анатольевна - медбибі, әскерге тіркеу комиссиясының хатшысы
Басқа 3. Медициналық комиссия құрамы
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 1663/12 қаулысына №3 қосымша Медициналық комиссия құрамы 1. Жүйке – тамыр дәрігері, комиссия төрағасы - Мұқанов Амангельді Мұқанұлы 2. Оташы (хирург) – Кулиев Равщан Шамил-оглы 3. Тіс дәрігері – Ладурко Раиса Денисовна 4. Көз дәрігері – Мұстафина Гулниса Шәкімұратқызы 5. Терапевт - Михальченко Марина Михайловна 6. Тері аурулары дәрігері – Оспанова Гүлдар Оспанқызы 7. Дәрігер отоларинголог – Қаппасова Енлік Жамшитқызы 8. Дәрігер психиатр – Күпенова Майра Күпенқызы 9. Дәрігер фтизиатр – Мелымко Елена Ивановна 10. Комиссия хатшысы - Осипчук Валентина Павловна 11. Орта медициналық персонал – 4 адам