«1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 17 бабына негізделіп 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының карулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери құрылымдарға әскери кызметке шақыруға дайындық жүмыстарын жақсарту мақсатында, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне, сондай-ақ Ескелді аудандык қорғаныс ісі жөніндегі боліміның шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген жасы ұлғайған жастарды тізімге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайган азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналы кәсіпорынның бас дәрігеріне (О.С.Кан), жастарды медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрігерлер мен мамандарды катыстыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (О.С.Вершинина) Ескелді аудандык әскери комиссариатқа 1990 жылы туылған мүгедек жастар туралы мәлімет берсін.
Тармақ 5
5. «Текелі қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н.С. Кертаева) жэне «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б.Е.Тұғылбаев)
Тармақша 1
1) 1990 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орнына түсу үшін кандидаттар таңдау бойынша жұмыс жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскери тіркеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау үшін мектеп мүғалімдері бөлінсін;
Тармақша 3
3) оқу мекемелерінде әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығы жөнінде іс шаралар жүргізсін;
Тармақша 4
4) әскер жасына дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық мәселе бойынша түсініктеме жүмыстарын ұйымдастырып өткізсін.
Тармақ 6
6. Рудничный кентінің әкімі (С.Д. Вишняков) 1990 жылы туылған азаматтардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығына (Қ.Б. Нүгербеков) кәмілетке толмаған жасөспірімдер ісі инспекциясында тіркеуде тұрған жастардың тізімін беруі ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ә.С.Қанағатов) бюджет ассигнованиясының шеңберінде қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау, әкімнің орынбасары Г.Б. Маупашеваға жүктелсін.