Қолданыстағы ред. 09.01.2007

1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 09.01.2007 г. № 1-4 (1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)

0

1990 жылы туылған
азаматтарды әскерге шақыру
учаскесіне тіркеуге алу және
жастарды әскери қызметке
шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы" Заңының 17-бабындағы 1 тармаққа сәйкес, 1990 жылы туылған
азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы
жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне,
басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға
дайындық жүмыстарын жақсарту мақсатында, Алакел ауданының Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған, сондай-ақ
бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру
учаскесінде тіркеуге алынсын.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық
комиссия құрылсын. Тіркеу жөніндегі комиссия мына құрамда бекітілсін:
Чучуладзе Айдамир Исрафилович комиссия төрағасы, «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Бектуров Казиер Нүғұманович комиссия төрағасының орынбасары, "Алакөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
Комиссия мүшелері:
Ирмекеев Ерлан Аяжанович «Алакөл ауданық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары;
Ниязова Баршагүл Қиықбаевна «Алакөл ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары - медициналық комиссияның төрағасы;
Елубаева Лятай Сулейменовна комиссия хатшысы, «Алакөл ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорының медбикесі;

3

3. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтердің әкімдері
мен ұйымдардың басшылары, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.

4

4. «Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(Б.Н.Бейсебаев):

1

1) 2007 жылы 15 қаңтарға дейін, ауданның қорғаныс істері жөніндегі
бөліміне, жасөспірімдердің істері жөніндегі Инспекцияда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;

2

2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелеріне тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін;

5

5.«Алакөл ауданның Орталық аудандық ауруханасы» (М.С.Әбдіғалымов):

1

1) қорғаныс істері жөніндегі бөлім, тізімге алынушыларды медициналық
тіркеуден өткізу кезінде, жан-жақты көмек көрсету шараларын әзірлесін, бұл
іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта буын медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;

2

2) Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, 2006 жылғы 15 қаңтарға дейін,1990 жылы туылған, амбулаториялық есепке тұрған науқас жастардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері венерологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, жасөспірімдер кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;

3

3) тізімге алуга дейін, 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті
медициналық тексеруден өткізсін;

4

4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру
жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын.

6

6. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы облыстық филиалы - Алакөл аудандық бөлімшесі (Қ.Ы.Мустафин) «Алакөл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мүгедек деп танылған, 1990 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

7

7. «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Ж.Қсталасова):

1

1) тіркеуге алу кезінде, орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін, мүғалімдер бөліп, жастардың оқуын ұйымдастырсын;

2

2) 1990 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін
кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін;

8

8. "Алакөл аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік
мекемесі (Сайдильдинов М.О.):

1

1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында, әскери
қолданбалы спорт түрлері бойынша, жастардың дайындығын бақылауды
жүзеге асырсын;

2

2) тіркеуге алу кезінде, шақырылушы жастар арасында әскери-
патриоттық мәселелер жөнінде тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын
ұйымдастырып өткізсін.

9

9. «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.И.Чучуладзе) осы қаулының орындалу барысы туралы Алакөл ауданының әкіміне 2007 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.

10

10. Аудан әкімдігі 2006 жылы 12 қаңтарда қабылдаған «1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» № 1-5 Қаулының күші жойылды деп саналсын. (Қаулы Алматы облыстық Әділет Департаментінің Алакөл аудандық Әділет басқармасында, нормативтік құқықтық акті ретінде, 2006 жылы 16 қаңтарда жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне, 2-5-22 нөмірімен енгізілген. Қаулы аудандық «Алакөл» газетінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы 4 (7192) нөмірінде жарияланды).

11

11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И.Жолжановқа жүктелсін.

12

12. Осы қаулы жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нормативтік құқықтық кесім ескерусіз келісілді:
«Алакөл аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қсталасова Қоңыржай Жағыпарқызы
"Алакөл аудандық дене тәрбиесі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Сайдильдинов Мақсұт Омарұлы
«Алакөл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А.И.Чучуладзе
«Алакөл ауданыңың «Орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық
кәсіпорнының бас дәрігері
М.С.Әбдіғалымов
«Алакөл аудандық шаруа бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Бейсебаев Бақберген Нұракимович
Қазақстан Республикасы еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынын
Алматы облыстық филиалы - Алакөл аудандық
бөлімшесінің бастығы
Мустафин Қажығали Ыдырышұлы