« О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны города Каражал Карагандинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi бойынша шақыру учаскесiне 1990 жылы туған азаматтарды тiркеудi жүргiзу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы Занының 17 және 18 баптарына сәйкес Каражал қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Жасөспiрiмдердi әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызмет дайындығының дәрежесiн анықтау, жалпы бiлiмнiң деңгейiн, қандай мамандық алғандығын және дене тәрбиесi бойынша даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында 2007 жылдың 1 тоқсанында қаңтардан наурызға дейiн Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған, сондай-ақ одан үлкен жастағы, шақыру учаскесiне бұрын тiркелмеген азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Меншiк нысанасына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, пәтер иелері кооперативі, жеке меншiк фирмалардың басшылары әскер қатарына шақырылу жасына дейiнгi жасөспiрiмдердiң алғашқы есебiн жүргiзсiн және шақыру учаскесiне тiркелуге жататын 1990 жылы туған жасөспiрiмдердiң тiзiмiн № 2 нысан бойынша Қаражал қалалық Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiне берiлсiн. Бұл органның лауазымды адамдары алғашқы есеп жүргiзудiң ережелерiн бұзса және Қаражал қалалық Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi бойынша шақыру учаскесiне тiркелуге жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмiн уақытылы бермесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жеке жауапты болады.
Тармақ 3
3. Әскери есепке алынуға байланысты мiндеттердi атқару үшiн 1990 жылы туған жасөспiрiмдердiң қажеттi уақытқа демалыстар мен iссапарлардан шақырылып алынсын, тұрақты жұмыс (оқу) орны бойынша еңбекақысы (стипендиясы) сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылсын.
Тармақ 4
4.“ Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес мынадай құрамда комиссия құрылсын: Әлмағамбетов Аманғазы Нүркенұлы -Қаражал қалалык Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiм бастығы комиссия төрағасы Шапкова Галина Александровна - Ұйымдастыру- кадрлық жұмыстар және iс-қағаздарды жүргiзу бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия төрағасының орынбасары Мынжанов Қару Сүлейменұлы - iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары. Пушканова Наталья Владимировна - медбибi, шақыру комиссиясының хатшысы Артықбаев Рәшид Жаңбырбайұлы - оташы -дәрiгер, медициналық комис- сияның төрағасы
Тармақ 5
5. 1) Қалалық орталық аурухананың Комуналдық Мемлекеттiк Қазынашылық Кәсiпорынның директоры (Р.Қ.Нанбаева келiсiм бойынша) дәрiгерлiк комиссияның қажеттi маман- дәрiгерлермен толықтырсын және медбибi бөлiнсiн мынадай құрамда: Қабулов Асан Қүлтайұлы - невропатолог- дәрiгер Қабулов Асан Қүлтайұлы - психиатр – дәрiгер Нанбаева Рабиға Қаражарқызы - окулист- дәрiгер Ерубаев Жақан Ерубайұлы - лор- дәрiгер Муқанова Лариса Сабитқызы - дерматолог – дәрiгер Ысқақова Әзина Түсейқызы - стоматолог- дәрiгер Мұсылманбекова Бағдат Жұмкенқызы - терапевт – дәрiгер Медбибiлер : Әбiлдинова Салтанат Бекманқызы Бейсембаева Айбаршын Арменқызы Төлеубаева Күлзат Жуанышқызы Сисембаева Күлпаш Дмитриева Ольга Степановна Әймағамбетова Розалия Кенесқызы Әбенова Салтанат Балтабайқызы
Тармақша 2
2) Медициналық комиссияны қажеттi дәрi-дәрмектермен, құрал- жабдықтармен медициналық мүлiкпен жабдықтасын. Ауырған жасөспiрiмдердi емдеу- алдын ала мекемелерiнде қарауды және емдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қаражал қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығына (Қ.I. Әпековке) «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Занының 18-бабының 3 тармағына сәйкес әскери есепке тұруға байланысты әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарушыларды iздестiрудi, ұстауды жүргiзсiн және қажет болған жағдайда әскери есепке тiркей отырып Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Жәйрем және Шалғия кенттерiнiң әкiмдерi оқу орындарының, кәсiпорындар мен мекемелердiң басшылары 1990 жылы туған жасөспiрiмдердiң шақыру учаскесiне әскери басшылардың, кадр бөлiмдерiнiң, әскери есеп бөлiмдерi қызметкерлерiнiң жетекшiлiгiмен 100 пайыз келуiн қамтамасыз етсiн. Шақыру учаскесiне келгенде тiркеуге алынуға жататын әрбiр жасөспiрiм өзiмен бiрге мынадай құжаттарын ала келуге мiндеттi: тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi, 2 дана мiнездеме, отбасы құрамы туралы анықтама, жұмыс (оқу) орнынан анықтама, бiлiмi туралы құжат, 3х4 фотосурет 6 дана, электрокардиограмма, флюорография, анализдер (қан, несеп, нәжiс).
Тармақ 8
8. Тiркелуден жалтарушы азаматтарды iздестiру үшiн жедел iздестiру тобы мынадай құрамда құрылсын : Исабаев Серiк Қабдаллаұлы - әскерге шартты-келiсiм шақыру бөлiмiнiң бастығы, топ бастығы Әубәкiров Жанайдар Ғалымұлы - қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң әкiмшiлiк полиция бөлiмшесiнiң бастығының мiндеттiн атқарушы
Тармақ 9
9. «Қаражал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң» бастығы (Н.Н. Гармашова.) 1990 жылы туған жасөспiрiмдердi шақыру жұмыстарын дайындау мен өткiзудi қамтамасыз ету үшiн Қаражал қалалық Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiне қоғамдық жұмыстарға: -техникалық қызметкер - 2 адам -курьер - 1 адам
Тармақ 10
10. Қаражал қалалық Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы А.Н Әлмағамбетов Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын шақыру учаскесiне тiркеудiң қорытындылары туралы ақпаратты Қаражал қаласының әкiмiне 2007 жылғы 30 наурызға дейiн тапсырсын.
Тармақ 11
11. Қаражал қаласының әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 6 қантар № 11 « Қарағанды облысының Каражал қалалық Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi бойынша шақыру учаскесiне 1989 жылы туған азаматтарды тiркеудi жүргiзу туралы » каулысы, 2006 жылғы 17 ақпандағы мемлекеттiк тiркеу нөмер 8-5-17 күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Құрмансейтовке жүктелсiн. КЕЛIСIЛДI: Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы _____________ А.Әлмағамбетов 2007ж. «19» 01 Iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы ___________________Қ.Әпеков 2007ж. «19» 01 Қалалалық орталық аурухана бас дәрiгерi ___________________Р.Нанбаева 2007ж. «19» 01