О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны Шетского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктрілген бөлімнің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» №74 Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» №371 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Заңының 31 бабына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы (Сұңғат Айтмағамбетов келісім бойынша) және барлық кенттер мен ауылдық округтер әкімдері 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шет ауданының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесінде 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктілірген бөлімнің шақыру учаскесінде 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуден өткізу жөніндегі комиссия құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. 1990 жылы туған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін, маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Тіркеу кезінде жүргізілетін тәрбиелік, мәдени-көпшілік шаралар № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Шет ауданының кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне азаматтарды тіркеу учаскісіне уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Шет аудандық ішкі істер бөліміне (бастығының міндетін атқарушы - Қызылов Өмірғали - келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіруге, әкеліп жеткізуге және қажет болған жағдайда ұстауға қолғабыс көрсетсін.
Тармақ 7
7. Шет ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Маркеш Жонкина) «Әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржылар есебінен шақырылғандардың дәрігерлік сараптан өтуіне, автокөлікке, медициналық комиссия құрамына және кеңсе тауарларына қаржы бөлу жүктелсін.
Тармақ 8
8. Шет аудандық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы (Сұңғат Айтмағамбетов - келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2007 жылдың 15 сәуіріне Шет ауданының әкіміне хабарлансын.
Тармақ 9
9. Шет ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 23 қарашадағы «1989 жылы туған азаматгарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктерілген бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» № 12/1 қаулысының (2006 жылғы 05 қантардағы мемлекеттік тіркеу № 8-17-14) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары Қайыржан Кәрімұлы Тілеубергеновке жүктелсін. Келісілді: Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы Шет ауданы әкімінің орынбасары 17.01.2007 Айтмағамбетов Сұнғат Құнанбайұлы Шет аудандық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы 17.01.2007 Әбітаева Хауарира Бергенқызы Шет ауданының медициналық бірлестігінің директоры 17.01.2007 Жонкина Маркеш Жәкенқызы Шет ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі 17.01.2007 Қызылов Өмірғали Ахмедияұлы Шет аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы 14.01.2007 Қасым Есенбай Бейсенбайұлы Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі 17.02.2007
Басқа 1. Комиссия құрамы:
Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 06.01. №1/1 қаулысына №1 қосымша Комиссия құрамы: Айтмағамбетов Сұнғат Құнанбайұлы комиссия төрағасы, Шет аудандық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Қасым Есенбай Бейсенбайұлы комиссия төрағасының орынбасары; Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Баданов Бауыржан Амангелдіұлы Шет аудандық ішкі істер бөлімнің қоғамдық қауіпсіздіқ бөлімше бастығы (келісім бойынша) Жазыбаев Есенжол Серікұлы Шет аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері - хирург медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша) Әлғожина Зәмзәгүл комиссия хатшысы, Шет ауданының медициналық бірлестігінің медбибісі (келісім бойынша)
Басқа 2. Дәрігерлер мен медбибілердің құрамы:
Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 06.01. №1/1 қаулысына №2 қосымша Дәрігерлер мен медбибілердің құрамы: р/с Аты - жөні - тегі Қызметі 1 Жазыбаев Есенжол Серикұлы Хирург-медициналық комиссиясының төрағасы 2 Абишева Меруерт Дүзелқызы Терапевт 3 Телеукенова Алма Сәмбетқызы Невропатолог 4 Әбілжанова Бақыт Қадырманқызы Дерматолог 5 Базылов Амантай Халелович Рентгенолог 6 Жанабекова Сәуле Төлеубайқызы Отоларинголог 7 Блялов Нуркен Пүшәнұлы Стоматолог 8 Жумагулова Замзагуль Жумагуловна Психиатр 9 Смагулова Динара Окулист 10 Ахметова Бақыт Кәртайқызы Медбибі 11 Байтышева Қаншайым Қалиқызы Медбибі 12 Тілеуберлина Гүлбахрам Тәкіщқызы Медбибі 13 Омарова Көкен Шәріпқызы Медбибі 14 Базарбаева Әлия Маратқызы Медбибі 15 Смайлова Шәрбат Құнандыққызы Медбибі 16 Олжабаева Жанар Қабидоллақызы Медбибі Ақадыр кенті 1 Бекишев Шамилбеқ Бекішұлы Хирург 2 Аженеева Айгүл Оразханқызы Терапевт 3 Қарашолақова Гүлнар Дерматолог 4 Тамабекова Гульңар Сейдрахманқызы Невропатолог 5 Мукашев Кайрат Хамитулы Отоларинголог 6 Танатаров Мырзагуль Жамағазиұлы Стоматолог 7 Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы Психиатр 8 Сергеқбаева Бейбігүл Мұхаметқалиқызы Медбибі 9 Мұкышев Қайрат Хамитұлы Рентгенолог 10 Бекмолдаева Бақыткүл Мықтыбайқызы Медбибі 11 Абдрахманова Салтанат Медбибі 12 Акишева Раушан Батталқызы Окулист 13 Омарова Гульнара Майкенқызы Медбибі
Басқа 3. Мәдени - көпшілік шаралар:
Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 06.01. №1/1 қаулысына №3 қосымша Мәдени - көпшілік шаралар: р/с Атқарылатын іс - шаралар Өткізілетін мерзімі Жауапты адамдар 1 Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу 09:00 - 17:00 Айдар Беспаев Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген өлімнің бөлімше бастығы (келісім бойынша) 2 «Отанды қорғау- Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу 10:00 - 10:50 Сұнғат Айтмағамбетов Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген бөлім бастығы (келісім бойынша) 3 Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әңгіме өткізу 10:00 - 10:50 Қасым Есенбай Шет ауданың ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі 4 Қазақстан Республикасының/ мемлекеттік рәзімдері туралы түсінік беру 12:00 - 12:50 Омарбеков Алтай Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген бөлімнің бөлімше қызметкері (келісім бойынша) 5 Түскі үзіліс 13:00 - 14:00 6 Медициналық сараптама өткізу және әскери оқу орындары түсу үшін керек кұжаттар жайлы анықтама беру 14:00 - 16:50 Дәрігерлер құрамы, Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген бөлім бастығы (келісім бойынша) 7 Бір күндік жұмыстың қортындысын жасау. Азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру рәсімі 17:00 - 18:00 Айдар Беспаев Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген бөлімнің бөлімше бастығы (келісім бойьнша)