Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінде тіркеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінде тіркеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
Тармақ 1
1. 2007 жылы 17 жасқа толатын азаматтарды қаңтар-наурыз айларында әскерге алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау және тіркеу мақсатында Жангелдин аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын;
Тармақ 2
2. Торғай селосы мен ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар басшыларына және меншік нысанына қарамастан тіркеуге шақырылған жастарды шақыру учаскелеріне дер кезінде жеткізу, тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімін табыс ету қадағалансын;
Тармақ 3
3. Жангелдин аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Ә. Жаулыбаев) тіркеуге шақырылған жастарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жетіспейтін дәрігер мамандар мен кіші медициналық қызметкерлерімен толығынан және дәрігерлік комиссияның өтетін орнымен қамтамасыз ету көзделсін;
Тармақ 4
4. «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына 3 айға еңбекақысы сақтала отырып аудан орталығындағы мектептерден үш техникалық қызметкер қаңтар-наурыз айларына «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жіберу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы жыл басында қаралған аудан бюджетінен жастарды әскери есепке тіркеу кезінде шақыру комиссиясының жұмыстарын сапалы өткізу үшін шақыру пунктін жабдықтауға, материалдық техникалық, кеңсе жабдықтары, ауыл округтерінен тіркеуге жататын азаматтарды шақыру участігіне жеткізуге және шақыру пункітін ағымдағы жөндеуден өткізуге «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарына қарастырылған қаражат есебінен қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылсын.
Тармақ 6
6. «Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Жангелдин ауданының «Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, есепке тіркеу учаскелеріне реттілік пен тәртіптің болуын азаматтардың тіркеуден уақытылы өтуіне және тіркеу учаскелеріне келмегендерді іздестіру, оларға шара қолдану тапсырылсын.
Тармақ 7
7. «Жангелдин аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып 2007 жылы Қазақстан Республикасымен шет мемлекеттердің әскери оқу орындарына іріктеу мақсатында алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдеріне кандидаттарды іріктеуге тапсырмамен, анықтама материалдарымен қамтамасыз етілсін және ақпараттық құралдар арқылы хабарландыру беріп тіркеу жұмыстары кезінде әскери оқу орындарына кәсіптік мамандықтар таңдауға бағыт бағдар беру үшін әскер қатарына шақыру жасына дейінгі азаматтармен әрқайсымен жеке әңгіме жүргізу көзделсін;
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 15 ақпандағы «Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінде тіркеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру туралы» (2006 жылғы 03 наурыздағы мемлекеттік тіркеу № 9-9-32, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 14 ақпандағы №13 (7811) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Жангелдин аудандық тіркеу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 32 қаулысына қосымша Жангелдин аудандық тіркеу комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Кутаяков Жүнус Мукатович - «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; 2. Зейнекина Лаззат Жақсылықовна - «Жангелдин ауданының ішкі-саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары 3. Тұрмат Алмас Амантайұлы - Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімінің кызметі жөніндегі орынбасары 4. Латып Әділхан Әнуарбекұлы - Жангелдин аудандық орталық ауруханасының дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы 5. Әкімжанова Ұлжалғас Тайғарақ - Жангелдин аудандық орталық аурухана медбикесі, комиссия хатшысы