Ескелді ауданы бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді ауданы бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптастыруға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында і990 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайган азаматтар Ескелді аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөлімінде шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды тіркеуге алу жөніндегі комиссия құрамы төмендегідей құрамда бекітілсін: Тоқпаев Жанатай Мұқашұлы-комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник; Жырғабаев Сәрсенбек Исатайұлы-комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша бас маманы; комиссия мүшелері: Бейсбеков Ғабит Үрімұлы-аудандық iшкі icтep бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (келісім бойынша); Зонов Сергей Федорович-аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); Бабагумарова Эльмира-комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Тармақ 3
3. Ескелді ауданының шақыру учаскесінде тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу үшін Ескелді ауданының «Аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері /Албақов И.Н./:
Тармақша 1
1)тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
Тармақша 2
2)тіркеуге алу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар комплекттері бөліп беретін болсын;
Тармақша 3
3) аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөлімге, тіркеуге алу басталғанға дейін 1990 жылы туылған жастардың медициналық жеке карталарын және амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тер-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 5
5)тіркеуге алуга дейін 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
Тармақша 6
6)ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық білім бөлімі (Қ.Ж.Құдияров):
Тармақша 1
1)тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне мұғалім бөліп олардың оқуын ұйымдатырсын;
Тармақша 2
2)1990 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды ipiктеп алу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Б.Тілеуберген): аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1990 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөлімі (Ж.М. Тоқпаев) осы қаулының орындалуы жөнінде 2007 жылдың 10 cәyipiнe дейін хабарлама беретін болсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлiбаевқа жүктелсін.