О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны города Сарани Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған азматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындауға орай, 1990 жылы туған азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығы дәрежесі мен денсаулық жағдайын, жалпы бәләм деңгейі мен мамандықты, дене-күш дайындығы деңгейін анықтай отырып, әскерге шақырылатындарды алдын ала тағайындау, әскери оқу орындарына түсу және әскери-техникалық мамандықтары бойынша үміткелерді даярлау үшін ірікету, Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесінің есепке алынуын сапалы және ұйымдастырылған түрде өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы, Жеңіс көшесі 26 үй мекен – жайы бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес, Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың есепке алынуын өткізу үшін төменде көрсетілген қалалық комиссияның жеке құрамы бекітілсін: Комиссия төрағасы: Үйсінбай Әлиұлы Қанафин Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, Комиссия төрағасының орынбасары: Айман Әсетқызы Байметова «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі меңгерушісі Комиссия мүшелері: Ерболат Тыныбекұлы Балабеков Саран қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Галина Владимировна Белашова «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының емханалық жұмыс жөніндегі меңгерушісі Владимир Герасимович Чен «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының отоларинголог-дәрігері, медициналық персонал жұмысына басшылық етуші, медициналық комиссия төрағасы Хатшы Наталья Петровна Малюкова «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық медбикесі Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген шақыру комиссия мүшелерінің орнына мына құрамнан резерв қарастырылсын: Комиссия төрағасы: Абай Кәріғұлұлы Құнанбаев Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығының орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары: Татьяна Васильевна Гапонова «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Комиссия мүшелері: Қайыржан Мәкімұлы Бөпебаев «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының хирург-дәрігері, медициналық персонал жұмысына басшылық етуші, резервтегі медициналық комиссия төрағасы Інібек Молдабайұлы Қалиев Саран қаласының ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары Хатшы Галина Анатольевна Локшина «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі
Тармақша 1
1) қалалық әскерге шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16, 17, 18 баптарын өз жұмысында қатаң түрде басшылыққа алсын:
Тармақша 2
2) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың есепке алыну кестесі бекітілсін: 2007 жылы қаңтарда – наурызда;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасы комиссия отырысын толық емес құрамда жүргізуге жол бермесін және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуын белгіленген мерзімінде ұйымдасыру және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабының 4 тармағына сәйкес комиссия мүшелері, медициналық, техникалық қызметкерлерінің әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды есепке алу бойынша міндеттерін орындаған уақытына олардың жұмыс орны, атқаратын лауазымы және еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 3
3. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ү.Ә.Қанафин (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) 2007 жылы қаңтарда – наурызда Саран қаласының әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды шақыруды жүргізсін және олардың есепке алынуын жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың есепке алынуын жүргізу үшін қалалық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен белгіленген тәртіп бойынша медициналық куәландырудан өту үшін, алыс жерлерде тұратын азаматтардың жеткізілуі үшін автомобиль көлігі қызметтерін мемлекеттік сатып алулар өткізсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскесіне есепке алуды өткізу және өткізіліп жатқан медициналық куәландыру кезінде әскерге шақырылғандар арасында арам және жұқпалы аурулар пайда болуын және олардың таратылуын болдырмау мақсатында, барлық дәрігерлік кабинеттерде санитарлы-індет нормалары мен ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскери міндеттілік және әскери қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылық істеген азаматтарды, ұйымдардың басшыларын және лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартсын;
Тармақша 5
5) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өткізілген 1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне есепке алудың қорытындылары туралы ақпарат 2007 жылы сәуір айында Саран қаласы әкіміне тапсырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қ.Қ. Сатова (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың есепке алынуын өткізу жөніндегі комиссияға медиәиналық куәландыруды жүргізу үшін жұмыс тәжірибесі бар маман-дәрігерлер: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, окулист, отоларинголог, дерматовенеролог, стоматолог, орта медициналық персоналдардың қажетті саны бөлсін;
Тармақша 2
2) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының есебіне және жоспарына сәйкес Саран қаласы және Ақтас кентінің емделу мекемелері арқылы барлық есепке алынуға тиіс азаматтарды флюрография, электрокардиограмма, анализдерінің тапсырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскесіне есепке алуды өткізу аяқталғаннан кейін және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының ұсынысымен емделуге қажет әскерге шақыртылғандарды тізім бойынша емделу мекемелеріне бекітсін және емдеумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтас кентінің әкімі, меншік нысаны түріне қарамастан қала кәсіпорындар, мекемелер, ұйым және оқу орындарының басшылары:
Тармақша 1
1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығымен белгіленген мерзімінде әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуға жататын әскер жасына дейінгі азаматтардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 2
2) іссапарларға, демалысқа кеткен әскерге шақыру учаскесіне есепке алуға жататын барлық азаматтарды қайта шақыртылуын ұйымдастырсын және олардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери есепке қоюмен байланысты міндеттер атқаруға қажетті уақытта жұмыс орны, лауазымы сақтала отырып, азаматтар жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 6
6. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.О.Тұңғышбаева Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша әскерге шақыру кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін 5 қоғамдық жұмыскерлер бөлсін;
Тармақ 7
7. Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Б.Рахымбергенов (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) әскери борышын өтеуден бас тартқан азаматтардың ұсталуын, олардың іздестірілуін жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды есепке алу комиссияның жұмыс істеу кезеңінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін, ол үшін есепке алу кезіне бір қызметкер бөлсін.
Тармақ 8
8. «Саран қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Р.Б.Малшыбекова Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырылған құжаттары бойынша 2007 жылға арналған қаржыландыруын жиынтық жоспарына сәйкес әскерге шақыру компаниясының уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық «Ваша газета» газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 10
10. Осы қаулының қабылдануына байланысты, нормативтік құқықтық тіркеу мемлекеттік Реестрінде (№ 8-7-20) тіркелген, «Ваша газета» газетінің 2006 жылы 18 ақпандағы 7 нөмірінде ресми түрде жарияланған, 2006 жылғы 19 қаңтардағы Саран қаласы әкімдігінің осындай «1989 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын өткізу туралы» № 22 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін. «КЕЛІСІЛГЕН» № р/н Датасы Нормативтік құқықтық акт Лауазымы Қолы, мөр 1. 29.12.06. Ескертусіз келісілген Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Үйсінбай Әлиұлы Қанафин 2. 29.12.06. Ескертусіз келісілген «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қалима Құсайынқызы Сатова 3. 29.12.06. Ескертусіз келісілген Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы Ерлан Балтабайұлы Рахымбергенов