О проведении приписки юношей 1990 года рождения к призывному участку Буландынского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданының шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерге тіркеу жүргізу туралы “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының негіздерінде аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркеу Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде мына мекен-жайда жүргізілсін: Макинск қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 3.
Тармақ 2
2.«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес 1990 жылы туған азаматтарды Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеу 2007 жылғы қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы капитан Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлына (келісімі бойынша) тіркеуге жататын шақыру жасына дейінгі азаматтарды шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде жасөспірімдерге тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның кұрамы бекітілсін.
Тармақ 5
5. Аудандағы ауылдық округтердің әкімдеріне, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және оқу орындарының басшыларына (келісімдері бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркеу үшін жасөспірімдердің комиссияға келуін қамтамасыз ету, іссапардағы және демалыстағы адамдарды шақырту және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) комиссия өту, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаториялық анализ тапсыру кезінде тіркелушілерді жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 6
6. Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес:
Тармақша 1
1) барлық әскерге шақырылушыларға жеке шақыру қағаздарын қолдарына табыс етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды шақыру учаскесіне дейін және кейін қарай тасымалдау кезінде ілесіп баратын арнайы адам бөлсін, бақытсыз жағдайларды болдырмау үшін барлық шараларды қолдансын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды шақыру учаскесіне атқарардың алдында оларда шақыру қағазында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексерсін.
Тармақ 7
7. Бұланды ауданы әкімінің осы шешімі 2007 жылғы 3 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ескертусіз келісілді Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Шәкерханов Р.Н. 15.07.07 ж. Ескертусіз келісілді Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Изимов С.А. 15.07.07 ж. Ескертусіз келісілді Аудандық аурухананың бас дәрігері Садуақасов Ғ.Қ. 15.07.07 ж.
Басқа 15. Комиссия мүшелері:
Аудан әкімінің 2007 жылғы 15.01. № 2 шешімімен бекітілген Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесінде жасөспірімдерге тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның Қ¥РАМЫ Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлы - Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша) Салий Владимир Иванович - Бұланды аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Апсаметов Еркеш Құсманұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша) Садуақасов Тайбасар Төлегенұлы - аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша) Қанаева Таңжарық Ғалымжанқызы - аудандық емхананың медициналық статисі, комиссия хатшысы