О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Күшін жойған
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуін өткізу туралы
“Әскери міндет және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабын жүзеге асыру мақсатында, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Зырян ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен Бөлімі 2007 жылғы 17 қаңтардан 23 наурызға дейін шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуін өткізсін. Тіркелген азаматтардың, әскери — оқу орындарына түсетін үміткерлердің санын, олардың әскери қызметке дайындығының деңгейі белгіленсін, жалпы білім беру деңгейі, алған мамандықтары және дене шынықтыру даярлығының деңгейі орнатылсын.
Тармақ 2
2. Әскери есепке алу үстелінің инспекторлары, мектеп директорлары, училищенің бастапқы әскери даярлық оқытушы - ұйымдастырушылары, кадр бөлімдерінің инспекторларына бозбалалардың тіркеу комиссиясына келу мерзімін және уақтылы хабарлауын қамтамасыз етсін. Кәсіпорындардың, оқу орындардың басшылары, селолық округ және кеңт әкімдері әскери есепке алу үстелі инспекторларының хабарламалары бойынша көлік бөлуіне міндеттелсін.
Комиссияға бозбалаларды жеткізуде:
селолық жерлерден - мектептердің, училищелердің бастапқы әскери даярлық оқытушылары - ұйымдастырушылары, әскери - есепке алу үстелдерінің инспекторлары.
қаладан - мектептердің, училищелердің бастапқы әскери даярлық оқытушылары — ұйымдастырушылары, кадр
бөлімдерінің инспекторлары.
Тармақ 3
3. Тіркеу комиссиясынан бас тартқан бозбалаларды іздеу және жеткізу
Зырян ҚАІІБ бастығына (Уәлиев Ә.Қ.) ұсынылсын, осы мақсатпен іздеу тобы кұрылсын, оған учаскелердің инспекторлары енгізілсін. Ұсталғандарды іздестіру мен жеткізуге жіберілген шығындарды төлеу Қазақстан
Республикасының “Әскери міндет және әскери қызмет туралы” Заңының 42 бабына сәйкес осы тұлгалардын есебінен төленсін.
Тармақ 4
4. Зырян ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен Бөлімінің
бастығы - Шестак Сергей Борисович, Зырян қалалық білім бөлімінің бастығы -
Елена Алексеевна Марченкомен бірлесіп, тіркеу өткізу кезінде, әскери - оқу орындарына кандидатардың іріктеуі мен медициналық куәландыруін ұйымдастырсын және өткізсің.
Тармақ 5
5. Зырян ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен Бөлімінің
бастығы - Шестак Сергей Борисович кәсіптік іріктеу және әскери түрі мен түсі бойынша шақыру ресурстарын оңтайлы бөлу үшін топ құрсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімінің орынбасары Оспанов Мұқаметқожа Fалиүлына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап
күшіне енеді.
Шешім жобасын Зырян ауданының
Қорғаныс Істері жөніндегі
Бірікккен Бөлімінің бастығы
подполковник енгізеді
С. Шестак
Келісілді:
Зырян ҚАІІБ бастығы
Ә.Уалиев
ШҚО денсаулық сақтау Департаментінің
Зырян ауданы-Зырян қаласы бойынша
денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
Д. Фаустов